«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10-бабының 9)тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Сегізінші шақырылатын Қызылорда қалалық мәслихатының бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурызда сағат 15-00-де Қызылорда қаласы, Жақаев, 16, «Қызылорда қалалық мәслихаты» ғимараты, екінші қабаты мекенжайындағы Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратының мәжіліс залында «1) Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарына төсбелгі мен куәліктерін табыс ету туралы; 2) Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасын сайлау туралы» күн тәртібімен шақырылсын.
- Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Қ.Баймырзаев сегізінші шақырылатын Қызылорда қалалық мәслихаттың бiрiншi сессиясын ашуды және мәслихат төрағасы сайланғанға дейін жүргiзуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы Қызылорда қалалық мәслихатының аппаратына жолдансын және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Қызылорда қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Ғ. Баймырзаев
Қызылорда қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы К. Нәсібеков
28 наурыз 2023 жыл, №79/165