Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15-00-ге дейін үзіліс).
Егер Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Қызылорда қаласы аумағында сәулет және қала құрылысы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қалыптастыруға, тұрғын үй қоры мен басқа да қалалық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу және пайдалануды ұйымдастыруға, көпқабатты тұрғын үйлер құрылысын салуға қатысу.
1) құқықтары:
жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар және конференциялар өткізуге;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;
басқа мемлекеттік мекемелердің мамандарын тарта отырып, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша уақытша жұмысшы топтар мен комиссиялар құруға;
талап-арыз, наразылық білдіруге, талапкер есебінде бөлімнің басқа қызметіне байланысты істер бойынша соттарда сөйлеуге;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтары бар.
2) Міндеттері:
сәулет және қала құрылысы саласы бойынша мемлекеттік саясатты ведомстволық аумақта жүзеге асыруға;
өз құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелері талаптарының сақталуы бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға;
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жолдаған өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджеттік өтінімдер дайындауға;
белгіленген тәртіпте қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларының, құрылыс салу жобаларының әзірленуін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
әр түрлі шарттар жасауға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
1) қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегi мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкiмшiлiк аудандардың және серiктес елдi мекендердiң шекараларын белгiлеу және өзгерту жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын қалалық мәслихатқа бекiтуге ұсыну;
4) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
5) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер беру;
6) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын,
егжей-тегжейлi жоспарлау және құрылыс салу жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекiтуге ұсыну;
7) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерiн таңдау, беруге ұсыну, ал заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, мемлекеттiк қажеттер үшiн алып қою жөнiнде ұсыныстар дайындау;
8) жергілікті маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды бұзу туралы актілердің есебін жүргізу және тіркеу;
9) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;
10) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзу;
11) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру туралы хабарламалар қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;
13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
14) хабардар етпей орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін анықтау;
15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
16) сыртқы (көрнекі) жарнаманың облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде нақты орналастырылған орнын, жарнама таратушының атауын және орналастыру фактісі анықталған күнді міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір рет фото немесе бейне растау жолымен анықтау;
17) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;
18) құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну;
19) эскизді (эскиздік жобаны) келісу;
20) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
21) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;
22) елді-мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесіне алдын ала таңдау жасау;
23) жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау;
24) объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беруге байланысты құжаттарды қарау;
25) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ол өз қызметінде Қызылорда қаласының бас сәулетшісі болып табылады.
1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) өзіне бағынысты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауап болады;
5) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
6) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен қабылданған актілерге қол қояды, шарттар жасасады және сенімхаттар береді;
7) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелерге ұсыныстар мен нұсқаулар береді, өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қабылдайды;
9) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
10) қала әкімдігі мен әкімінің актілерін және тапсырмаларын орындайды;
11) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
12) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудың кестесін бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асырады;
14) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
15) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.