Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабының 1-тармағы 22) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 6) 7) тармақшаларына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы
1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
  2. «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бсшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Ахметке жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қаласының

                әкімі                                                                      А. Шаменов      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 марта 2023