Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
аталған шешіммен бекітілген, әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларында:
6- тармақтың 2 тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны
үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің,
халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне
қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі
сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылған, адамдарға–100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;».
7-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«7.Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) табиғи зілзаланың немесе өрт оқиғасы орын алған мекен-жай бойынша тұрақты тіркелген, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай:
қайтыс болған әрбір отбасы мүшесіне бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) өмірлік қиын жағдайда қалған, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектеулі адамдарға (отбасыларға):
Туберкулезбен ауыратын, амбулаториялық емдеуде жүрген адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 7,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің ай сайын екі еселенген мөлшерінде;
3) Әлеуметтік жағынан аз қамтылған (атаулы әлеуметтік көмек алушылар) отбасылардан шыққан жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларына (отбасыларына бюджетте қаралған қаржы көлемінде) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге -1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай-сайын.
Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей, уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
4) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, өтініш берген уақыттың алдыңғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға, атап айтқанда:
жетім балаларға;
мүгедектігі бар балаларға;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
балалар үйлері мен балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға;
ата-анасының екеуі де жасына байланысты зейнеткер болып табылатын немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға;
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған, толық емес отбасыларындағы балаларға;
Студенттерге әлеуметтік көмек оқу орны ұсынатын білім беру қызметтерінің құны мөлшерінде жыл сайынғы бір жолғы төлемдерден, сондай-ақ 72 (жетпіс екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтану мен тұруға арналған шығындарды өтейтін жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік төлемдерден тұрады;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, өтініш берген алдынғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды.
5)санаторий-курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен ілесіп жүретін адамға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса ұсына отырып, өтініш негізінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛIСIЛДI»
|
«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiмен |
|
· |