Қызылорда қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «13» қаңтардағы № 1637
қаулысымен бекітілген № 1 қосымша
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Бөлімге қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден
15.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Егер Бөлімде заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
2-тарау. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері
1) қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мaқcaттapын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
2) еліміздің әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен, инвестициялық, салықтық және ақша-кредит саясатымен өзара іс-әрекетте бюджеттiк саясатты қалыптастыру және iскe асыру;
3) өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) экономикалық, бюджеттік жоспарлау, бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
5) мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
1) құқықтары:
Бөлім өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;
2) міндеттері:
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
1) жыл сайын бес жылға арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді және оны облыстық экономика және қаржы басқармасына жолдайды;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттары негізінде қаланың даму жоспарын, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
3) қаланың даму жоспарының іске асырылу мониторингін жүргізеді;
4) қаланың макроэкономикалық көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау;
5) қалалық бюджеттік комиссиясының жұмыс органы функциясын жүзеге асырады;
6) қала бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы қаланың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен есептейді;
7) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, қалалық бюджетті жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірлейді және қалалық бюджет жобасын қалалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
8) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, қалалық бюджетке түсетін түсімдерді болжауды жүзеге асырады;
9) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындайды;
10) есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және қаланың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қаланың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің қаланың даму жоспарларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;
11) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды қалалық бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;
12) қалалық бюджеттік комиссиясының қала бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде қала бюджетi туралы қалалық мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді және оны қала әкімдігінің қарауына ұсынады;
13) заңнамамен белгіленген тәртіппен кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған қала бюджетінің қаржы жоспары туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
14) қалалық бюджет туралы қалалық мәслихат шешімін іске асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
15) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды;
16) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негіздемесін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытынды дайындайды;
17) заңнамамен белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттiк инвестицияларды iрiктеуді жүзеге асырады және қорытындыны қалалық бюджеттік комиссия қарауына жібереді;
18) инвестициялық ұсыныстарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ, қажетті сараптамалар жүргізуге берілген оң экономикалық қорытындының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жөніндегі хаттың, техникалық тапсырманың негізінде қорытындылар қалыптастырады және оларды қалалық бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді;
19) техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу бөлімнің тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, қалалық бюджеттік комиссия мақұлдаған, экономикалық қорытындысы бар инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады;
20) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды қарайды;
21) Қызылорда облысы әкімдігі айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ, нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын дайындайды;
22) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
23) бюджеттік инвестициялық жобаны қалалық бюджет жобасына енгізу үшін іріктеуді жүзеге асырады;
24) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және бағалауды жүзеге асырады;
25) байланысты гранттарды тартуға орталық мемлекеттік органға өтінім ұсынады;
26) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті органға алдағы қаржы жылында байланысты емес гранттарды тарту мақсатында басым жобалардың тiзбесiн қалыптастыру үшiн өтінімдер бередi;
27) жобалық басқаруды мемлекеттік құпияларды қорғау туралы заңнама талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және бағдарламалық сипаттағы басқа да құжаттарды әзірлеу, іске асыру және мониторингілеу кезінде жүзеге асырады;
28) қалалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастырады және бюджеттік атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
29) міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, қалалық бюджет бойынша түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақытылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізеді;
31) бюджет ақшасын басқарады;
32) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бекітілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;
33) қалалық бюджет комиссиясының қалалық мәслихаттың қалалық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұрады;
34) қаланың жергілікті атқарушы органның секвестр жүргізу туралы қаулысының негізінде «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен бюджет түсімдері мен шығыстарын өзгерту арқылы қалалық бюджетті түзетуді жүзеге асырады;
35) бюджеттік мониторингті бюджеттік есептілік және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын ақпарат негізінде жүзеге асырады;
36) бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындылары бойынша Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасына бюджетің атқарылуы туралы талдамалық есепті тапсырады;
37) заңнамада белгіленген тәртіппен қала бюджеті бойынша жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiк пен бюджеттік есептілікті жасап бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органға оны ұсынады;
- ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бірінші күнгі жағдай бойынша қала әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына, ішкі мемлекеттік аудит және облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін ұсынады;
- тоқсан сайын қала бюджетіне қарасты мекемелер бойынша дебиторлық және кредиторлық, жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі органға Бюджеттік Кодекстің 124-бабында көзделген есептілігін жасап, облыстың бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға тапсырады;
38) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін қалалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен түсіндірме жазбасымен қоғамдық кеңестің хаттамасымен қалалық мәслихатқа ұсынады;
39) өз құзыреті шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және оларды қала әкімдігінің қарауына ұсынады;
40) қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысын үйлестіреді;
41) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын іске асырады;
42) қалалық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
43) қалалық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
44) сот актілері негізінде мемлекетке өткен тәркіленген мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
45) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның ұсынысы бойынша қалалық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өзіне тиесілі акцияларын, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы мәселелер бойынша келіседі, ұсыныстар енгізеді;
46) қалалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
47) қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
48) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның ұсынысы бойынша қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;
49) қалалық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ, Кодекске сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
50) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның ұсынысы бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін қалалық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу туралы ұсыныстар енгізеді;
51) қалалық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;
52) қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін кент және ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде қалалық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде шешім қабылдайды;
- қалалық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беру жөнінде;
- қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беру жөнінде;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне жататын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүліктік кешендері ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) шешімдері негізінде қалалық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) шешімдері негізінде қалалық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше қағидалар белгіленбесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) шешімдері негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру жөнінде шешім қабылдайды;
53) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше қағидалар белгіленбесе, қалалық коммуналдық мүлікті пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
54) коммуналдық меншікке айналдырған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен қалалық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
55) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім жобасын ұсынады;
56) қалалық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
57) қалалық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
58) қалалық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
59) қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;
60) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру, мүліктік жалдауға (жалға алуға), қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері жөніндегі комиссияларды құрады;
61) жалға берушінің (жалға алушының), мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының, коммуналдық мүлікті сатушының функцияларын жүзеге асырады;
62) сенімгерлікпен басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
63) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті есептен шығаруға келісім береді;
64) қалалық коммуналдық меншікке берілетін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі бойынша сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;
65) мемлекеттік заңды тұлғалардың өтініш хаты бойынша коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген үй-жайлар мен ғимараттарға мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру туралы шешім қабылдайды;
66) мемлекеттік сатып алу құжаттарына мониторинг жүргізеді.
3-тарау. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына есеп береді;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімді бiлдiредi;
3) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Бөлімнің қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
5) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Бөлімнің қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
6) бұйрықтарға қол қояды;
7) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
8) шарттар жасасады;
9) сенімхаттар береді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
11) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
13) Бөлімнің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Бөлімнің мүлкi
Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
5-тарау. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
Бөлімнің қарамағындағы ұйымдар жоқ.