Қалалық мәдениет және спорт бөлімінің ережесі

 

 

 

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қызылорда қаласының мәдениет және спорт салалары бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда қаласы әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.
  3. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

Бөлімге қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қызылорда  қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

  1. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлім коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  4. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  5. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 120001, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, № 21.
  8. Бөлімнің толық атауы - Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  9. Бөлімнің жұмыс режимі:

дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден
15.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

  1. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  3. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жергілікті бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау Бөлімінің мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) қалалық деңгейде халықтың мәдениетiн қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

2) ұлттық мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

3) мәдени құндылықтарға еркiн қол жеткiзудi қамтамасыз ету;

4) халыққа мәдени қызмет етудiң мемлекеттiк ең төменгi стандарттарын белгiлеу;

5) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

6) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

7) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетiлуiне және әкелуiне, оған меншiк иесi құқығының басқаға заңсыз берiлуiне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;

8) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшiн жағдайлар жасау;

9) қалалық деңгейде халықтың ұлттық мәдени игiлiгi мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, бiрыңғай мәдени кеңiстiгiн нығайтуға бағытталған iс-шараларды ұйымдастыру;

10) қарамағындағы ұйымдардың қызметтерін үйлестіру;

11) дене-шынықтыру сауықтыру қозғалысын басқаруды меңгеру және дене-шынықтыру спорттық іс-шараларды өткізу жүйесін жетілдіру; 

12) бұқаралық спортты дамыту жұмысын жандандыру;

13) халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

14) спорттық командалар дайындау.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

Бөлім өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:

мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;

2) міндеттері:

заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

жеке және заңды тұлғалардың Бөлімге жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

ведомстволар, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің спорт шараларының жоспарын үйлестіреді, шаралар мен жарыстардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын бекітіп, оның орындалуын қадағалайды;

            ведомстволар, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің спорт шараларының жоспарын үйлестіреді, шаралар мен жарыстардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын  бекітіп, оның орындалуын қадағалайды;

            қала құрама командаларын дайындайды, қала спортшыларын халықаралық, республикалық, облыстық чемпионаттарға және турнирлерге қатысуын қамтамасыз етеді, қаржыландырады;

            мүдделі ведомстволар мен қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, спорт резервтерін дайындайды, ведомстволық бағыныстарына қарамастан спорт клубтары мен мектеп жүйелерін дамытуды үйлестіріп, оқу-жаттығу процестерін ұйымдастырады

            қалалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, спорт саласы қызметкерлеріне белгіленген тәртіппен атақтар, медальдар, белгілер, дипломдар, жүлделер, грамоталар мен бағалы сыйлықтар беру мәселелерін шешеді;

            спорт түрлерінен өтетін қалалық жарыстардың төрешілеріне және жарыс барысында қызмет көрсетуші тұлғаларға (техникалық, дәрігерлік) ақы беру мәселелерін шешеді;

            қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес сала қызметкерлерінің мүддесін білдіреді;

            жергілікті атқарушы органдардан, мекемелерден, заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардан, жеке тұлғалардан өз құзіреті шегінде қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

            облыстық атқарушы органдарға әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес тиісті  мәліметтерді, оның ішінде дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі статистикалық есепті талдайды және  ұсынады;

            мекеменің заңды тұлғамен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледі.

  1. Функциялары:

1) театр, музыка өнер, кiтапхана, мәдени-демалыс және музей қызметi саласында облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi;

2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

3) облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шараларын,
сондай-ақ әуесқой шығармашылық бiрлестiктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткiзудi жүзеге асырады;

4) облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;

5) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;

6) облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;

7) мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетедi;

8) облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне «Орталық» мәртебесiн бередi;

            9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар қала деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;

            10) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;

            11) қаланың сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы қағидаға сәйкес  келісім береді;

            12) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткiштерiн қамқорлыққа алуын ұйымдастыруға жәрдемдеседi;

            13) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және насихаттау жөнiнде iс-шараларды жүргiзуге тартады;

            14) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етедi;

            15) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша, тарих және мәдениет ескерткiштерiне қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқтата тұру, сондай-ақ оларға тыйым салу туралы мәселенi шешедi;

            16) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына немесе уәкiлеттi органға өздерiнiң құзыретi шегiнде, тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, құлау қаупiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

            17) Бөлімге қарасты кәсіпорын басшысын, оның орынбасарлары мен бас есепшісін
ҚР заңнамаларына сәйкес тағайындайды және босатады, мәдениет Үйлері мен спорт клубтардың директорларын, зағиптарға арналған клуб меңгерушісін лауазымға тағайындауға өз келісімін береді және оларды аттестаттаудан өткізеді;

18) «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесінің  сметасын, мүлкін бекітеді;

19) Бөлімге қарасты қазыналық, коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысын, оның орынбасарын және бас бухгалтерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оларды аттестаттаудан өткiзедi;

20) Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың жұмыс жоспарларына сәйкес, атқарылған жұмыстардың есебін жыл қорытындысы бойынша қабылдайды. Бөлім шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын тарифінің мөлшерін бекітеді;

21) Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қарамағындағы ұйымдардың жұмыскерлерiнiң лауазымдар номенклатурасын белгiлейді;

22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

23) саланы дамытудың негізгі бағыттарын іске асырады, қалада дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы, ағымды және мақсатты бағдарламаларды жасап жүзеге асырады;

24) өз саласы бойынша қала әкімдігі қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын дайындап, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мен жоспарын жасауға қатысады;

25) дене шынықтыру мен спортты дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту және оны үнемді әрі тиімді пайдаланудағы ведомстволар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер мен мекемелердің қызметтерін үйлестіреді;

26) спорттық ұйымдар мен кәсіпорындарға консультативтік көмек береді;

27) салалық кадрлар даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру туралы қалалық бағдарламаларды бекітеді және үйлестіреді, оқу және тәжірибе алмастыруды ұйымдастырады;

28) спорттық қозғалыстарды насихаттайды;

29) саланың ақпараттық-жарнамалық және басқа ісін ұйымдастырады;

30) спортты дамыту жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

31) республикалық, облыстық спорттық ұйымдарда қала мүдделерін білдіреді;

32) қалада дене шынықтыру және спорттың материалдық-техникалық базасын жасау және нығайту, олардың инфрақұрылымдарын дамыту;

33) қолданып жүрген заңдарға сәйкес спорттық байланыстарды жүзеге асырады;

34) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік

демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

            35) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi;

            36) спорт түрлерi бойынша қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың халықаралық, республикалық, облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi, оқу жаттығу жиындар ұйымдастырады, қаржыландырады;

            37) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

            38) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

            39) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

            40) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

            41) тиiстi әкiмшiлiк – аумақтық бiрлiк аумағында спорттық iс–шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

            42) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;

            43) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

            44) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

            45) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

            46) қалалық спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;

            47) қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептер, спорт клубтардың қызметін қамтамасыз етеді және қаржыландырады;

            48) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

            49) үкіметтік емес ұйымдар арасында әлеуметтік тапсырыс береді;

            50) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік бұзушылық туралы хаттамалардың құжаттарын әзірлейді.

 

3-тарау. Бөлімінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Бөлімді басқаруды бiрiншi басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Бөлімнің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
  4. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiктері:

1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімді бiлдiредi;

3) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Бөлімнің қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын бөлімінің қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

11) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

13)  Бөлімнің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің бiрiншi басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

4-тарау. Бөлімнің мүлкi

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

 

5-тарау. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлім таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

  1. «Қалалық мәдениет Үйі, клубтары және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  2. «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі (филиалдарымен);
  3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық мәдени және демалыс паркі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
  4. «Қызылорда қаласының тарихы музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
  5. «Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қалалық мәдениет және спорт бөлімінің ережесі
Дата публикации
02 февраля 2023