Қызылорда қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «13» қаңтардағы № 1637
қаулысымен бекітілген № 5 қосымша
«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
Аппаратқа қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден
15.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Аппараттың мақсаттары мен өкілеттіктері
1) Қызылорда қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындау барысындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.
1) құқықтары:
Аппарат өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға;
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың Аппаратқа жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға.
1) қала әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, орталық мемлекеттік органдарымен, қалалық мәслихатпен және өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ, саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, үкіметтік емес және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуін қамтамасыз ету;
2) қала әкімі, оның орынбасарлары және Аппарат басшысының қатысуымен
іс-шараларды ұйымдастыру;
3) қала дамуының мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімде атқарушы биліктің мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуін ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымы негізінде жасақталған қаланы басқару схемасын әзірлеу;
5) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды жетілдіру, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша құжаттар дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
6) кент, ауылдық округ әкімдіктерінің, әкімдерінің, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;
7) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
8) қала аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
9) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ, облыс пен қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен орындауын бақылауды жүзеге асыру;
10) кадрлық саясатты ұйымдастыру, қала әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды, Аппараттың қызметкерлерін тағайындауды, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, жұмыстан босатуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
11) мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ келіп түскен ұсыныстар бойынша «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі қалалық комиссиясының құжаттарын дайындау және ұсыну;
12) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасы шеңберінде сайлау өткізу мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;
13) қала әкімі және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша соттарда қала әкімдігі мен әкімінің мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық ден қою актілерін қарау;
14) қала әкімдігі мен әкімінің актілері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне сараптама жүргізу;
15) алқа билерге үміткерлердің тізімдерін құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
16) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар және ұйымдармен құжат айналымын ұйымдастыру;
17) қала әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
18) «Электрондық үкімет» пен «Электрондық әкімдікті» дамыту жұмыстарын ұйымдастыру;
19) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
20) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, кент, ауылдық округ әкімдіктерінің интернет-ресурстарының қызмет етуін үйлестіру;
21) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, кент, ауылдық округ әкімдіктерінің сапалы мемлекеттік, оның ішінде электронды қызмет көрсету жөніндегі қызметін үйлестіру, сондай-ақ, олардың ұсынылуын жетілдіру мен талдауды жүзеге асыру;
22) мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
23) Аппараттың әскери міндеттілерін брондау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
24) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3-тарау. Аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) Аппарат басшысы Аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап береді;
2) мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде міндеттеме Аппарат басшысына жүктеледі және Аппарат қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауапкершілікте болады.
3) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
4) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің өзара байланысын реттейді;
5) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
6) қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес әкіммен бекітілген Аппарат құрылымын, Аппарат қызметкерлерін қызметке тағайындайды және лауазымынан босатады;
Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін әкім тағайындайды және қызметтен босатады;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген тәртіпке сәйкес Аппарат қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;
Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жазаны әкім қолданады;
8) әкімге Аппарат құрылымының штат саны шеңберіндегі штаттық кесте бойынша бөлінген еңбекақы төлеу қоры шеңберінде Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына үстемеақы және қосымша ақы төлеу, сыйақы беру мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді;
9) Аппараттың ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
10) өз өкілеттігіне сәйкес бұйрықтар шығарады және Аппарат бойынша нұсқауларды бекітеді;
11) қызметтік құжаттарға қол қояды;
12) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Аппараттың мүддесін қорғайды;
13) Аппараттың әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді;
14) сот және басқа да органдарда әкім және Аппараттың мүддесін қорғау мақсатында Аппараттың мамандарына әкім атынан сенімхат береді;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Аппараттың мүлкі
Аппараттың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
5-тарау. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату