Қалалық қоғамдық даму бөлімінің ережесі

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2023 жылғы «13» қаңтардағы № 1637

қаулысымен бекітілген № 4 қосымша

 

 

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) жастар саясаты, діни қызмет, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда қаласының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Бөлімінің ведомстволары жоқ.
  3. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

Бөлімге қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

  1. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  4. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  5. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 16.
  8. Бөлімнің толық атауы - Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  9. Бөлімнің жұмыс режимі:

дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден
15.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

  1. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  3. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2-тарау. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) қалада ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) қаладағы жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс, қала әкімінің, Бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының даму стратегиясының, жоспарларының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын қалада түсіндіру мен насихаттау;

5) қалада ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

6) қалада ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша  ұсыныстар әзірлеу;

7) қаладағы ішкі саяси процесстердің даму үрдістерін зерделеу және оларға талдау жүргізу;

8) азаматтық қоғам институттарымен, қаланың қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

9) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың интернет ресурстарына,
әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу және олардың нәтижесімен қажеттілігіне орай тиісті органдарға ұсыныстар жолдау;

10) қалада мемлекеттік және салааралық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттың республикалық және жергілікті сайттарда жариялануын қамтамасыз ету;

11) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

12) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

13) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;

14) діни қызмет саласындағы функцияларды іске асыру;

15) жергілікті деңгейде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметін зерделеу болып табылады.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен:

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі, сондай-ақ, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;

өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;

2) міндеттері:

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

жеке және заңды тұлғалардың Бөлімге жолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Функциялары:

1) қалалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;

3) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктерде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданады және жұмыс ұйымдастырады;

5) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, қорытады және уәкілетті органға ұсынады;

7) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

8) өзекті мәселелерді анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;

9) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;

10) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;

11) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;

12)  жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

13) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

14) волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

15) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

16) волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асырады;

17) волонтерлік қызмет практикасын талдауды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;

18) қаладағы этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинауды және Ассамблеяға ұсынуды тұрақты негізде жүзеге асырады;

19) жергілікті мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, этномәдени және этносаралық қатынастар саласында өз қызметін жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

20) қаладағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

21) қоғамдық бірлестіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бұзылған немесе қоғамдық бірлестік өз жарғысында белгіленген мақсаттары мен міндеттер шегінен шығатын әрекеттерді бірнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, ішкі істер органдарының ұсынулары, облыстың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері немесе азаматтардың арыздары негізіндегі сот шешімі бойынша үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады;

22) Қызылорда қаласындағы діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

23) қалада жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

24) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

25) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

26) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

27) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

28) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

29) өз құзыреттері шегінде терроризм мен діни экстремизм профилактикасын
жүзеге асырады;

30) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

31) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

32) өз құзыреті шегінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау шараларын жүргізеді;

33) қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар жүргізеді.

 

3-тарау. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

  1. Бөлімді басқаруды бiрiншi басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Бөлімнің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
  4. Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiктері:

1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қала әкімі мен жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Бөлімді бiлдiредi;

3) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын бөлімінің қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын бөлімінің қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

11) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

13)  бөлімнің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің бiрiншi басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

4-тарау. Бөлімнің мүлкі

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімнің қарамағындағы ұйымы:

1) «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Дата публикации
02 февраля 2023