Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылғы қорытындылары туралы

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2022 жылғы қорытындылары туралы

АҚПАРАТ

 

Облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

2022 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 713 266 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 89,2 пайызды құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 64 790 млн. теңге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 95,5 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 9,1 пайызы.

Анықтама ретінде:

- мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында  сұйытылған газ өндіретін «КазГермұнай» ЖШС-і  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,0 пайызға төмендеген.

- өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру саласы тапсырыс көлемінің аз болуына байланысты «Құрылыс» АҚ-ы және «КСМ KZ» ЖШС өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі төмендеген.

- Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату саласында тапсырыстың аз көлемде болуына байланысты «АГМ Табыс» ЖШС-і қызмет көрсету көлемін төмендеген, сұйықтықты айдауға арналған насостар өндіретін "Новомет-Казахстан" ЖШС-і мәліметі бойынша 2022 жылдың 12 айында 181 дана насос өндірcе, 2021 жылдың 12 айында 287 насос өндірген немесе 37 пайызға төмендеген.  

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі               2022 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында 13 227,4 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,3 пайызға артты.

Статистикаға тапсырылған есептер бойынша 2022 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 196 422 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,8 пайызға артты. Облыстағы үлесі 48 пайыз.

2022 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 70 928 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 112,5 пайызға артты. Облыстағы үлесі 56,8 пайыз.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 407 389 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 102,5 пайызға артты.

Қала бюджетінің 2023 жылдың 1 қаңтарына кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 73 535,2 млн. теңгені құрап, 73 864,9 млн. теңгеге немесе 100,4% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 16 705,7 млн. теңгенің орнына 17 624,0 млн. теңгеге немесе 105,5% орындалды.

Қала бюджетінің шығыстар жоспары 73 535,2 млн. теңге болса, ол 72 999,4 млн. теңгеге немесе 99,3% құрады.   

Шағын кәсіпкерлік саласында қала бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 138,5 пайызға артты.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 35 411 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 32 369 бірлік.

         Бөлшек сауда көлемі 333 927,1  млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 101,2 пайызға артты. Облыстағы үлесі 86,4%.

2022 жылдың 1 желтоқсанына  алдын ала деректерге сәйкес халық саны 349,4 мың адамды құрап, өсу қарқыны 106,3%. 2021 жыл қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 134,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайызды құрайды.

2023 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2 344 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,7 пайызды құрады.

Жыл басынан жаңа жұмыс орындарымен қамтылған азаматтар саны  11 321, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 6 988 адам.               

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы аясында жыл басынан бері 2 942 адам қоғамдық жұмысқа, 206 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 1 108 жас маман жолданды.

Қала бойынша 2022 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 268 592 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 127,0 пайызға артты.

Дата публикации
06 января 2023