Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары 63 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетілді.
2022 жылы көлемінде қалада 158 мың 277 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
- 130 мың 317 қызмет қызмет қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (82,3%);
- 22 мың 985 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (14,5%);
- 4 мың 975 қызмет қызмет тікелей дербес бөлімдердің кеңселері арқылы (3,2%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңдегі неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – халықты әлеуметті қорғау, жер және сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметтер, атап айтқанда:
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» қызметі бойынша 23 мың 351 (14,8%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметі бойынша 20 мың 172 (12,7%) мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» қызметі бойынша
16 мың 500 (10,4%) мемлекеттік қызмет көрсетілді;
Қала әкімдігі «Электрондық үкімет» порталының сервистері арқылы электрондық форматта қызметтерді алуды арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда (ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу, БАҚ-та жариялау, брошюралар тарату, халық көп жиналатын жерлерде бейнероликтер көрсету және т.б.). Есептік кезеңде 21 мақала, 150 материал және 38 бейнеролик жарияланды.
Сонымен қатар, қала шегінде (С.Бейбарыс көшесі бойында) және қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттауға бағытталған «Е.gov веб-порталы» тақырыбындағы 10 билборд орналастырылды.
Қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, сондай-ақ электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мақсатында онлайн форматта - 4 жәрмеңке өткізілді.