Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласы әкімінің IV-тоқсан бойынша қалаға қарасты кент, ауылдық округ және қала тұрғындарымен кездесулерінде көтерілген мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
|
р/с |
Іс-шара мазмұны |
Орындалу мерзімі |
Орындалу барысы |
Жауапты |
|
Қызылорда қаласы |
||||
|
1. |
Әл-Фараби тұрғын ауданы, №261 мектептегі оқушылар санының артуына байланысты оқушыларды жақын аумақтағы мектепке орналастыру немесе қосымша ғимарат салу мәселелерін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Аталған тұрғын ауданда халық көптеп қоныстануда. Осы себептен №261 орта мектебінде жоспарлы қуаттылығынан артық оқушы орындары айқындалуда. №261 мектепте орын тапшылығын шешу бойынша Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Мектепті пайдалану мерзімі 2023 жылы беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Шанхай мөлтек ауданы, Құлтекенов көшесінде орналасқан «Baiterek School.kz» мектебі 2022-2023 ж.ж. оқу жылында пайдалануға беріліп, Әл-Фараби тұрғын ауданынан 62 оқушы білім алуда. 2023-2024 оқу жылына «Baiterek School.kz» мектебіне білім алушылар саны артады деп күтілуде. |
А.Қасымова Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Е.Боданов (келісім бойынша) Г.Баймаханова |
|
2. |
Әл-Фараби тұрғын ауданындағы қоқыс контейнерлерін көбейту мәселесі |
Желтоқсан айы |
Қазіргі таңда, «Қызылорда су жүйесі» МКК тарапынан қала көшелерінің санитарлық тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Әл-Фараби көшесінің тұрмыстық қатты қалдықтары кестеге сәйкес алынуда. Сонымен қатар, аталған тұрғын ауданға қоқыс контейнерлерін көбейту мәселесі қарастырылуда. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов |
|
3. |
Сығанақ көшесін жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу (тротуар) мәселесін қарастыру |
2023 жылғы наурыз айы |
Сығанақ көшесі қала аумағындағы жарық бағаналарын орнатуды, жаяу жүргіншілер жолын салуды қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Осы ретте, Сығанақ көшесіне жарық бағаналарын орнату және жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, кешенді сараптама қорытындысын алуға қажетті қаражат көлемі есептеліп, қалалық бюджеттен қаржы бөлуге ұсынылатын болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
4. |
С.Лапин мен Бейбітшілік көшесіне бағдаршам орнату мәселесі |
2023 жылғы наурыз айы |
С.Лапин мен Бейбітшілік көшесіне бағдаршам орнату мәселесі бойынша тиісті мамандармен зерделеу жұмыстары жүргізілуе, зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қала бойынша бағдаршам орнатылу қажет көшелер тізіміне енгізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
5. |
Титов №30 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу (модернизация) мәселесін қарастыру |
2023 жылғы наурыз айы |
Титов №30 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу мақсатында 2023 жылға бюджеттік өтінім берілді. Жалпы қажетті қаражат көлемі – 157,4 млн теңге. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Рысбек Т.Құлмағанбетов |
|
6. |
Титов, Гагарин тұрғын аудандарының аумағына мәдени демалыс паркін салу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы наурыз айы |
Титов және Гагарин тұрғын аудандарының аумағына мәдени демалыс паркін салу бойынша Қашаубаев көшесінде орналасқан М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің ауласындағы бос жерді қала кәсіпкерлеріне ұсыну жұмыстары жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай А.Қасымова Ж.Сейілов Ж.Тажмаханов Ғ.Омаров А.Әнуар Ж.Файзуллаев Б.Аманкелдиев Г.Баймаханова |
|
7. |
Ә.Қашаубаев №15 «Б» көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеуден өткізу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 32 бабына сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті делінген. Сондай-ақ, тиісті мамандармен құрылған жұмысшы топпен бірлесіп көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелеріне заң нормалыры бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, Қашаубаев көшесі, №15 «Б» көпқабатты үйдің шатырын жөндеу жұмыстарын жургізу бойынша, кәсіпкерлер тарапынан демеушілік білдірген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Рысбек Т.Құлмағанбетов |
|
8. |
Арай тұрғын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердегі ауыз судың сапасын зерттеп, жақсарту бойынша нақты шараларды жүргізу |
Желтоқсан айы |
«Қызылорда су жүйесі» МКК-мен Арай тұрғын ауданына берілетін ауыз су сапасын жақсарту мақсатында қараша айында осы ауданды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Арай» су алу құрылымының таза су резервуарларын тазалап, жуып-шаю жұмыстарына іс-шара жоспары бекітілді. Осы іс-шара бойынша әр қайсысының көлемі 1000м3 болатын 2 дана таза су резервуарлары тазаланып, жуып-шаю, залалсындандыру жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды. Алдағы уақытта «Арай 2» және «Арай 3» тұрғын аудандарының ауыз су жүйелеріне төгу құдықтарын орнату арқылы толық жуып шаю, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов |
|
9. |
М.Әбдіразақов көшесін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
«Қызылорда су жүйесі» МКК тарапынан М.Әбдіразақов көшесін орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жөнінде қалалық құрылыс бөлімімен бірлесіп зерттеу, нақтылау жұмыстары жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов |
|
10. |
«Сарқырама» каналын тазарту мәселесі |
2023 жылғы сәуір айы |
«Сарқырама» каналының арық жүйелерін күтіп-ұстау бойынша мердігер мекеме тарапынан көктем мезгілінде тұрақты түрде тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. |
Е.Еркебай Ж.Файзуллаев |
|
11. |
Тәуке хан көшесіне аяқ су арығын (лоток) салу мәселесі |
2023 жылғы наурыз айы |
Тәуке хан көшесіне аяқ су жүргізу мақсатында қажетті қаражат көлемі есептеліп, алдағы уақытта қалалық бюджетке ұсыныс енгізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
12. |
«Жастар үйі» көпқабатты тұрғын үйді толықтай газбен қамтамасыз ету және кіре беріс (подъезд) терезелерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
2023 жылғы наурыз айы |
«Жастар үйі» көпқабатты тұрғын үйді толықтай газбен қамтамасыз ету мақсатында жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін ұсынылды. Сонымен қатар, аталған көпқабатты тұрғын үйдің кіре беріс терезелері бойынша есептемелері жасалып (дефект. акт), демеушілік білдірген кәсіпкер тарапынан тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов А.Рысбек Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
13. |
Е.Ерназаров пен С.Торайғыров көшелерінің қиылысына жасанды жол кедергісін орнату мәселесі |
Желтоқсан айы |
Ерназаров пен С.Торайғыров көшелерінің қиылысына жасанды жол кедергісін орнатуға ҚІІБ қызметкерлерімен зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жасанды тегіс емес қондырғысын орнатуды қажет ететін көшелер мен тұйықтар тізіміне 2023 жылдың жоспарына енгізілді. Осы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында есептемелер дайындалып, алдағы уақытта бюджеттік өтінім жолданатын болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Ә.Жаназаров (келісім бойынша) |
|
14. |
Мерей мөлтек ауданы №18 «А» көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу (модернизация) мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Рысбек |
|
15. |
С.Торайғыров 80 «А» көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңдарын талапқа сай орнатып, толықтыру мәселесі |
Желтоқсан айы |
Қазіргі уақытта қала бойынша 38 дана спорт және балалар ойын алаңдары салынуда. Оның ішінде 28 дана спорт және балалар ойын алаңдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қаланың Торайғыров көшесі №80 «А» көппәтерлі тұрғын үйдің іргелес аумағына жеке кәсіпкерлердің қолдауымен ойын алаңы орнатылған, дегенмен ұқыпсыз пайдаланылу себебінен ескірген. Қазіргі таңда аталған ойын алаңына жеке кәсіпкер тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілді.
|
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев |
|
16. |
Қаратоғай көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу (тротуар) мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Қаратоғай көшесі – қала аумағындағы жаяу жүргіншілер жолын салуды (тротуар) қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Осы ретте, Қаратоғай көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, кешенді сараптама қорытындысын алуға қажетті қаражат көлемі есептеліп, алдағы уақытта қалалық бюджеттен қаржы бөлуге ұсынылатын болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
17. |
К.Махамбетов пен Қаратоғай көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату мәселесін қарастыру |
2023 жылғы наурыз айы |
К.Махамбетов пен Қаратоғай көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату мәселесі бойынша тиісті мамандармен зерделеу жұмыстары жүргізілуе, зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қала бойынша бағдаршам орнатылу қажет көшелер тізіміне енгізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Ә.Жаназаров (келісім бойынша) Г.Баймаханова |
|
18. |
Сол жағалау 4 квартал №6 көпқабатты тұрғын үй тұрғындарына техникалық паспортын беру мәселесі (әлеуметтік осал топ санаты бойынша берілген үйлер) |
2023 жылғы қаңтар айы |
Сол жағалауда 4 квартал №6, №4, №8, №9 көпқабатты тұрғын үйлердің жер актісі, техникалық паспорты әзірленіп, мемлекеттік тіркеуден өткізілді. Тиісті мекеменің теңгеріміне өткізу мақсатында қалалық қаржы бөлімімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уакытта алыс-беріс актісімен өткізілетін болады. |
Ғ.Еркебай А.Әнуар |
|
19. |
Сол жағалау тұрғын ауданына әлеуметтік дүкен орналастыру мәселесі |
Желтоқсан айы |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда қаласы, Сол жағалау №22 үйдің жанында әлеуметтік дүкен 2022 жылдың сәуір айынан бастап тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың желтоқсан айында Сол жағалау тұрғын ауданы, «Болашақ» университеті ғимаратының жанында орналасқан «Қызылорда оптомаркет» сауда үйінің ішінен әлеуметтік бұрыш ашылатын болады. Бұдан бөлек, аталған тұрғын ауданнан қосымша жер учаскелері нақтылануда. |
Ж.Сейілов Н.Әзірбек Б.Аманкелдиев С.Ерниязов (келісім бойынша) Ғ.Қожахметов Ғ.Омаров |
|
20. |
Бәйтерек мөлтек ауданына тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын арнайы орын белгілеп, қоршау жасау мәселесі |
Желтоқсан айы |
Бәйтерек мөлтек ауданына тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын арнайы орын белгіленіп, қоршау жұмыстары жүргізілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов |
|
21. |
Қызылорда қаласының кіре беріс жерлеріне тал егу мәселесі |
2023 жылғы наурыз айы |
2023 жылы Қызылорда қаласы бойынша тал егу және оны күтіп ұстау жұмыстарына алдағы 2023 жылға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Қажетті қаражат көлемі – 10,0 млн. теңге. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев |
|
22. |
Қала бойынша нашақорлыққа қарсы күрес және алдын алу жөнінде шараларды ұйымдастыру |
Желтоқсан айы |
Қызылорда қаласының полиция басқармасы (15.12.2022ж шығыс хат Сонымен қатар, Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты мектептерде Темекі шегу, вейпті пайдаланудың алдын алу бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында құқықтық сағаттар өткізілді. Сынып сағаттарында «Нашақорлық – ғасыр дерті», «Темекі шегудің ағзаға зияндылығы туралы», «Құмар ойындардың, нашақорлықтың қауіптілігі туралы» деректі фильмдер көрсетілді. Барлық орта білім беру ұйымдарында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында байқаулар, спорттық сайыстар өткізілді. Атап айтатын болсақ, «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында спорттық жарыс (тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы), «Спорт – есірткіге қарсы!» спорттық ойындар (волейбол, баскетбол, футбол, қол добы, үстел теннисі), «Салауатты ұрпақ – сау ұрпақ» ұлттық спорттық ойын, «Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз!» плакаттар байқауы, «Есірткісіз өмір–ғажайып!» бейнероликтер байқауы, «Есірткіге жол жоқ!» тақырыптарында флешмобтар, «Салауатты өмір салтын ұстанайық!» семинар, «Бала саулығы – бәрінен маңызды» дебат, «Есірткіге жол жоқ!» эссе байқаулары ұйымдастырылды. |
А.Қасымова А.Орманов Е.Боданов (келісім бойынша) Ә.Жаназаров (келісім бойынша) |
|
23. |
Қоғамдық көлікте зейнеткерлердің 50%, мүгедектігі бар азаматтардың 100% тегін жүру мүмкіндіктерін қарастыру |
2023 жылғы наурыз айы |
Қазіргі таңда, қаладағы көру қабілеттілігі бұзылған азаматтарға қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру үшін Қызылорда қаласы әкімдігінің және Қызылорда қалалық мәслихатының бірлескен қаулы және шешімі бойынша, орындау үшін тасымалдаушыларға жолданды. Осы ретте, 2023 жылы қаладағы зейнеткерлерге және мүгедектігі бар өзге санаттағы азаматтарға қоғамдық көлікте тегін жүру үшін есептемесі әзірленіп, ұсыныс енгізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев М.Жүсіп |
|
Белкөл кенті |
||||
|
24. |
Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелерінің электр бағандарын жаңарту мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелерінің электр бағандарын жаңарту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жұмыстарға қажетті қаражат көлемі – 76,0 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов А.Әнуар Г.Баймаханова Ж.Сәду |
|
25. |
Белкөл кентіне мәдениет үйін салу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Белкөл кентіне мәдениет үйін салу мәселесіне қатысты облыстық құрылыс басқармасы арқылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қажетті қаржы – 604,0 млн. теңгеге облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. |
Ғ.Еркебай А.Қасымова Ж.Сейілов А.Әнуар Г.Баймаханова Ж.Сәду |
|
26. |
Зеленая көшесінен №189 мектепке дейін жарықтандыру мәселесі |
2023 жылғы наурыз айы |
Зеленая көшесінен №189 мектепке дейін жарықтандыру жұмыстарына алдағы 2023 жылға қалалық бюджетке ұсыныс берілді. Қажетті қаражат көлемі – 3,0 млн. теңге. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова Ж.Сәду |
|
27. |
Бірқазан елді мекеніндегі Бірқазан көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі |
2023 жылғы шілде айы |
Бірқазан елді мекеніндегі Бірқазан көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қажетті қаражат көлемі – 39,0 млн теңге. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова Ж.Сәду |
|
28. |
Кенттегі №12 көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеуден өткізу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы наурыз айы |
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 32 бабына сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті делінген. Сондай-ақ, тиісті мамандармен құрылған жұмысшы топпен бірлесіп көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелеріне заң нормалыры бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алайда, кенттегі №12 көпқабатты үйдің шатырына жөндеу жұмыстарын жургізу бойынша, кәсіпкерлер тарапынан демеушілік білдірген жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Рысбек Т.Құлмағанбетов Ж.Сәду |
|
29. |
Тағзым алаңын теңгерімге алу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы наурыз айы
|
Кенттегі тағзым алаңын теңгерімге алу жұмыстарына нақтылау, қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға тиісті қаражат көлемі анықталғаннан кейін, құжаттарын рәсімдеу жұмыстары алдағы 2023 жылы жүргізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сәду |
|
Тасбөгет кенті |
||||
|
30. |
Сабалақ саяжайына «Елді мекен» статусын беру мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Қызылорда қаласының бас жоспарына 2019 жылы тиісті өзгерістер енгізіліп, ҚР Үкіметінің 06.06.2019 жылғы №374 қаулысымен бекітілді. Әрекет ету мерзімі – 2025 жыл. Өзгерістер енгізілген бас жоспарының құрамында «Сабалақ» өңірі «саяжай» есебінде енген. Жалпы қаланың бас жоспарына тиісті өзгерістердің 2019 жылы енгізілгендігін ескерсек, жақын аралықта қосымша қаражат бөліп, өзгеріс енгізу тиімсіз болу қаупі бар. Сондықтан, бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді жұмсау мақсатында, «Сабалақ» өңірі мен қаланың шекарасына енген басқа да саяжайлардың статусын «шағын аудан» етіп өзгерту мәселесі |
Ғ.Еркебай Ғ.Омаров Ғ.Қожахметов С.Сыздықов |
|
31. |
Тасбөгет кентіне жаңадан емхана салу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Тасбөгет кентіне жаңа типтік қалалық емхана салу мәселесінің оң шешімін табу мақсатында, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы |
Ғ.Еркебай А.Қасымова Ж.Сейілов А.Әнуар С.Пазилов (келісім бойынша) Г.Баймаханова С.Сыздықов |
|
32. |
Тасбөгет кентіне спорт кешенін салу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Кентте жаңа замануи жобадағы денешынықтыру және сауықтыру кешені құрылысын салуға жер телімі анықталып, жоба-сметалық құжаттамасы әзірленген. Тасбөгет кентіне спорт кешенін салу бойынша 2020 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Қажетті қаражат көлемі – 559,9 млн теңге. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов А.Қасымова А.Әнуар А.Орманов Г.Баймаханова С.Сыздықов |
|
33. |
Кенттегі С.Майқанова, Махамбетов көшелерін асфальттау немесе тас төсеу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Кенттегі 7 көшеге (Сейфуллин, Мұратбаев, Махамбетов, Молдағұлова, Майқанова, Дүйсенов, Өтеуов) қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы шықты. Ендігі ретте жалпы құны 251,9 млн теңге болатын жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджетке өтінім берілді. Жоба-сметалық құжаттама мерзімі 2022-2025 жж. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев А.Әнуар Г.Баймаханова С.Сыздықов |
|
Қызылжарма ауылдық округі |
||||
|
34. |
Қызылжарма ауылдық округіне 900 орындық мектеп салу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Қазіргі таңда «Жайлы мектеп» жобасы облыс бойынша 11 мектептің жобасы республикалық бюджеттен бекітілді. Қызылорда қаласында 8 мектеп салу жоспарлануда, осы тізімнің ішінде |
Ғ.Еркебай А.Қасымова Ж.Сейілов Е.Боданов (келісім бойынша) А.Әнуар Г.Баймаханова М.Сейілов |
|
35. |
Ауылдық округтің кейбір аумақтарында интернет желісі байланысын күшейту мәселесі |
Желтоқсан айы |
2022 жыл басында «Beeline» және «Altel» байланыс операторларына интернет бағаналарын салуға ұсыныс хат берілген. Бүгінгі күні қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен арнайы жер бекітіліп берілді. Қазіргі уақытта аталған байланыс операторлары мемлекеттік акт құжаттарын заңдастыруда. Заңдастырып болғаннан кейін 2023 жылы «Beeline» және «Altel» байланыс операторлары ауылдық округтен интернет бағанасын (вышка) орнату жұмыстарын бастайды. |
Б.Ахмет Н.Сәдуақас М.Сейілов |
|
36. |
А.Меңлібаева көшесін асфальттау мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
2023 жылға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдық округтегі 23 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарына 591,7 млн теңге қаржы қаралған. Осы тізімде А.Меңлібаева көшесі де бар, қаражаты – 23,4 млн. теңге. Жұмыстар алдағы 2023 жылы жүргізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова М.Сейілов |
|
37. |
Р.Батырбаев, Қ.Сексенбаев, Әл-Фараби, Ә.Досхожин, Ә.Әбенов, Ы.Жахаев, А.Құнанбаев көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу (тротуар) мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
2019 жылы ауылдағы әлеуметтік нысандарға баратын басты 5 көшеге жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салуға жоба сметалық құжаттары жасалған. Алайда жоба құжаттарының мерзімі өтуіне байланысты қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттарына жаңарту жұмыстарын жүргізуге қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім беріліп, 2023 жылға жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 4,0 млн теңге қаржы қаралды. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова М.Сейілов |
|
38. |
Р.Батырбаев №2 көппәтерлі тұрғын үйдің ауыз су қысымын қалпына келтіру жұмыстары |
Желтоқсан айы |
«Қызылорда су жүйесі» МКК-ы тарапынан Р.Батырбаев №2 көппәтерлі тұрғын үйінің ауыз судың қалыпты қысымын қалпына келтіру үшін қазіргі таңда арнайы насос орнату жұмыстары жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов М.Сейілов |
|
39. |
Қызылжарма ауылдық округіне спорт кешенін салу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Қазіргі уақытта ауылдық округ әкімшілігі жанындағы ескі балабақша орнынан жаңа спорт мектебі салынуда. Тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі, жобалаушы мекеме: «ПроектСервис» ЖШС-і. Сметалық құны 2,9 млрд теңге, мемлекеттік сараптама қорытындысы /22.10.2020 ж. №19-0372/20/ алынды. |
Ғ.Еркебай А.Қасымова Ж.Сейілов А.Әнуар А.Орманов Г.Баймаханова М.Сейілов |
|
40. |
№15 бағыттағы қоғамдық көліктің бағытын ауылдық округтегі амбулаторияға дейін ұзарту мәселесін қарастыру |
Желтоқсан айы |
Қазіргі таңда №15 бағыттағы қоғамдық көліктің бағытын ауылдық округтегі амбулаторияға дейін ұзарту мәселесі бойынша жолсызбасын жаңадан қарастыру жұмыстары жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев М.Жүсіп М.Сейілов |
|
Қосшыңырау ауылдық округі |
||||
|
41. |
Досан ауылын талапқа сай электр желісімен қамтамасыз ету |
2023 жылғы шілде айы |
Досан ауылын талапқа сай электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында қалалық құрылыс бөлімімен жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаражат көлемі – 428,0 млн. теңге, қазіргі таңда республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. |
Ғ.Еркебай А.Әнуар Е.Каленов (келісім бойынша) С.Әбдіқадыров |
|
42. |
Абай ауылындағы /Алтынбай, Жаппар каналының бойындағы көпір, Жаппар каналының су тастау каналындағы көпір, Ешпан каналының су тастау каналындағы екі көпір/ каналдардағы көпірлердің құжаттарын рәсімдеп, тиісті шараларды қабылдау |
2023 жылғы шілде айы |
Орындалуда Абай ауылындағы /Алтынбай, Жаппар каналының бойындағы көпір, Жаппар каналының су тастау каналындағы көпір, Ешпан каналының су тастау каналындағы екі көпір/ каналдардағы көпірлердің құжаттарын рәсімдеу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда иесіз мүлік ретінде тану үшін құжаттар Қызылорда қалалық Әділет басқармасына ұсынылды. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Ж.Нұрымбетов (келісім бойынша) Ә.Жылқайдаров (келісім бойынша) С.Әбдіқадыров |
|
43. |
Сталин каналының тұсында орналасқан электр бағандарындағы жарық шамдарын қайта іске қосу мәселесі |
Желтоқсан айы |
Сталин каналының көпірі тұсында орналасқан электр бағандарындағы жарық шамдары толық іске қосылды. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Е.Каленов (келісім бойынша) С.Әбдіқадыров |
|
Қарауылтөбе ауылдық округі |
||||
|
44. |
Құрылысы салынып жатқан мәдениет үйін дизель отынынан газ құрылғысына ауыстыру мәселесін қарастыру |
Желтоқсан айы |
Құрылысы салынып жатқан мәдениет үйін дизель отынынан газ құрылғысына ауыстыру мәселесі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай А.Әнуар Е.Ахетов |
|
45. |
Жаңадан қоныстанған аумаққа (12 көшеге) қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу |
2023 жылғы шілде айы |
Жаңадан қоныстанған аумаққа жалпы ұзындығы 9 шақырым болатын 12 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда 2022-2023 жылдарға ауыспалы негізде мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жоба құны – 319,0 млн теңге. Алдағы уақытта жеңімпаз анықталғаннан кейін құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов А.Әнуар Г.Баймаханова Е.Ахетов |
|
46. |
Желтоқсан көшесін асфальттау мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Ұзындығы 1,35 шақырым болатын Желтоқсан көшесін асфальттау жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында қолдау тауып, бюджеттік өтінім жолданды. Жоба құны – 29,4 млн. теңге. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова Е.Ахетов |
|
Ақжарма ауылдық округі |
||||
|
47. |
Ауылдық округке амбулатория салу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Ауылдық округтің Баймұрат батыр ауылына дәрігерлік амбулатория салуға жобалау сметалық құжаты дайындалып мемлекеттік сараптаманың /17.03.2022 ж. №0037/220/ оң қорытындысы алынды. Жалпы құны 422,0 млн. теңге, облыстық құрылыс басқармасына құжаттары ұсынылды. |
Ғ.Еркебай А.Қасымова Ж.Сейілов А.Әнуар С.Пазылов (келісім бойынша) Г.Баймаханова С.Әбдіреев |
|
48. |
Талдыарал елді мекеніндегі жаңадан салынған аумаққа ұңғыма (скважина) салу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы наурыз айы |
Талдыарал елді мекеніндегі жаңадан салынған аумаққа ұңғыма (скважина) орнату бойынша жобалық сметалық құжаттарын дайындауға 15 млн.теңге бөлінген қаржысына мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурстық хабарлама берілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Есенов (келісім бойынша) Г.Баймаханова С.Әбдіреев |
|
49. |
Талдыарал елді мекеніндегі мал жайылымдық жерін зерттеп, орнын анықтау жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Желтоқсан айы |
Талдыарал елді мекеніндегі мал жайылымдық жерін зерттеп, орнын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, күз мезгілінде егіншілік науқан аяқталғаннан кейінгі орнын мал жайымдылық мақсатында пайдалану жолдары да қарастырылуда. |
Ғ.Еркебай С.Әбдіреев Ғ.Омаров |
|
50. |
Электр бағандарына жаңадан орнатылған электр есептегіш (смарт счетчик) құралдарын қолжетімді жерге орнату |
2023 жылғы қаңтар айы |
Электр бағандарына жаңадан орнатылған электр есептегіш (смарт счетчик) құралдарын қолжетімді жерге орнату жұмыстары 2023 жылдың қаңтар және ақпан айларына жоспарлануда. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Б.Қаракөзов (келісім бойынша) С.Әбдіреев |
|
51. |
Ауылдық округтің кейбір аумақтарында интернет желісі байланысын күшейту мәселесі |
Желтоқсан айы |
Ауылдық округтің кейбір аумақтарында интернет желісі байланысын күшейту мақсатында «Телекомуникациялар комитетінің Шымкент, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясына, TELE2, Аctiv байланыс операторларына арнайы хаттар жолданды. Қазіргі таңда шешілу жұмыстары жүргізілуде. |
Б.Ахмет Н.Сәдуақас С.Әбдіреев |
|
Қызылөзек ауылдық округі |
||||
|
52. |
Ауылдық округтегі қоғамдық көлік интервалын реттеу мәселесі (түске дейін ғана жүреді) |
Желтоқсан айы |
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында «Қызылорда автобус паркі» ЖШС арқылы №29 қоғамдық көлігіне жаңа бағыт ашылып, Қызылөзек ауылдық округіне күніне 3 мезгіл тұрақты қатынап тұр. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев М.Жүсіп С.Әбдіжаппар |
|
53. |
Елді мекендегі электр желілері сымдарына жаңалау жұмыстарын жүргізу және электр мамандарына қызметтік автокөлікті қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Елді мекендегі электр желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу мақсатында қалалық бюджетке өтінім ұсынылды. Жоба құны 6,1 млн. теңге. Алдағы 2023 жылдың мамыр-маусым айларында монтаждау жұмыстары жоспарлануда. Сонымен қатар, электр мамандары шұғыл апаттық жағдайлар орын алған кезде орталықтандырылған қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Е.Каленов (келісім бойынша) С.Әбдіжаппар |
|
54. |
Ауыл көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу (тротуар) мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Аталған мәселені жүзеге асыру мақсатында, қазіргі таңда ауылдық округтің Абылайхан көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу (тротуар) жұмысына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қалалық бюджетке өтінім ұсынылды. Жоба құны – 21,6 млн. теңге. Ауылдық округтің басқа да Е.Дәуітбаев, Ш.Ибраева көшелері алдағы уақытта жаяу жүргіншілер жолы (тротуар) салынатын көшелер тізіміне кезең-кезеңімен енгізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов А.Әнуар Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова С.Әбдіжаппар |
|
55. |
Ауылдық округтегі кіре беріс жол бойындағы «Қожақ» көпірін жөндеуден өткізу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Ауылдық округтегі кіре беріс жол бойындағы «Қожақ» көпіріне күрделі жөндеу жұмысының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге қажетті 5,2 млн. теңге бөлу жөнінде қалалық бюджетке өтінім ұсынылды. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова С.Әбдіжаппар |
|
Талсуат ауылдық округі |
||||
|
56. |
Жаңадан салынған аумақты электр желісімен қамту мәселесі |
2023 жылғы шілде айы |
Жаңадан салынған аумақты электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында аталған аумақ бойынша жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Қазіргі уақытта республикалық бюджетке өтінім жолданды. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі. Жобалаушы мекеме: «Димаш Сервис» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Сметалық құны 69,7 млн. теңге, мемлекеттік сараптама қорытындысы /24.08.2022 ж. №МАРАТ-0053/22/ алынды. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов А.Әнуар Ж.Файзуллаев Е.Каленов (келісім бойынша) Г.Баймаханова А.Жылқыбай |
|
57. |
Ауылдық округте аяқ су мәселесін шешу мақсатында Сырдария өзеніндегі жаңадан қазылған арнаны бөгеп, суды ауылдың жанынан өтетін өзеннің ескі арнасымен жіберу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы наурыз айы |
ҚР Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының 09.02.2022 жылғы №03-8/651 хатында, 2007-2008 жылдары Сырдария өзенінен Талсуат ауылдық округіне, бау-бақша серіктестіктеріне және басқа да халық шаруашылығы нысандарына қауіп төндіргендіктен ауылдың тұсынан арнаны түзету жұмыстары жүргізілгендігін көрсеткен. Өзен арнасы қайтадан бұрынғы қалпына келтірілетін болса су басу қаупі күшейе түсуі мүмкін. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Ж.Нұрымбетов (келісім бойынша) С.Нұрымбетов (келісім бойынша) А.Жылқыбай |
|
58. |
Сырдария, №7 көшелеріне электр желілерін талапқа сай жүргізу және асфальттау мәселесі |
2023 жылғы шілде айы |
Талсуат ауылдық округі бойынша жаңадан салынған аумақты электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында /Сырдария, №7 көшелері де тізімде бар/ жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі. Жобалаушы мекеме: «Димаш Сервис» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды. Сметалық құны Қазіргі таңда республикалық бюджетке өтінім жолданды. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев А.Әнуар Г.Баймаханова Е.Каленов (келісім бойынша) А.Жылқыбай |
|
59. |
Абай көшесінде орналасқан №178 орта мектептегі оқушылардың түскі, кешкі уақыттарда (сабақтан шығу уақыты) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі |
Желтоқсан айы |
Талсуат ауылдық округінде орналасқан қалалық білім бөліміне қарасты №178 орта мектебінде таңертең сағат 07.30-08.00, түсте 13.30-14.00 және кешкі 18.30-19.00 аралығында ер мұғалімдерден құралған кезекшілік кестесі жасалған. 2022-2023 оқу жылының қыркүйек айының 1-нен бастап кезекшілікте тұруда. Мектепке келетін және мектептен қайтатын уақытта білім алушылардың сабаққа келуі кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мақсатында кезекшілік әрі қарай жалғаса беретін болады. Сонымен қатар, мектептің тұсында Аталған мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция инспекторы Н.Смағұловқа және патрульдік полиция батальонының кезекшілікке түсетін қызметкерлеріне жүктелген (15.12.2022 ж шығыс хат №2-23/19814). |
А.Қасымова Е.Боданов (келісім бойынша) Ә.Жаназаров (келісім бойынша) А.Жылқыбай |
|
60. |
«Қызылорда-Жалағаш» трассасы бойында «Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасына қарасты 3 әлеуметтік нысанға баратын жаяу жүргінші жолдармен түнгі жарықтандыру шамдарын орнату мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Жыл басында Талсуат ауылдық округі әкімінің аппаратымен жобалау-іздестіру есептері ұсынылып, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің /09.02.2022ж. N01-03/160/ хатымен 1240 метрге жаяу жүргіншілер жолын салып, жарығын орнату үшін 3,0 млн теңгеге жоба- сметалық құжатын сараптамасымен әзірлеуге бюджеттік өтінім ұсынылып, қалалық бюджеттік комиссияның отырысында қолдау тапты. 2023 жылы жобалау-сметалық құжаты сараптамасымен әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова А.Жылқыбай |
|
Ақсуат ауылдық округі |
||||
|
61. |
Ауылдық округке спорт кешенін салу мәселесін қарастыру |
2023 жылғы шілде айы |
Орындалуда «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры ауылдық округ орталығынан |
Ғ.Еркебай А.Қасымова Ж.Сейілов А.Әнуар А.Орманов Г.Баймаханова М.Ақмырзаев |
|
62. |
Ү.Тоқмағанбетова көшесіндегі тұрғын үйлерді талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі (трансформаторды жаңарту) |
Желтоқсан айы |
Орындалуда Ауылдық округте орналасқан трансформаторларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттамасы дайындалды, сонымен қатар Ү.Тоқмағанбетова көшесіндегі электр желілерін реттеу үшін қажетті материалдарға тапсырыс берілді. Жұмыстар 2023 жылдың қаңтар айында жүргізілетін болады. |
Ғ.Еркебай А.Әнуар Ж.Файзуллаев Е.Каленов (келісім бойынша) М.Ақмырзаев |