Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласы әкімінің III-тоқсан бойынша қалаға қарасты кент, ауылдық округ және қала тұрғындарымен кездесулерінде көтерілген мәселелер бойынша
іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
|
р/с |
Іс-шара мазмұны |
Орындалу мерзімі |
Орындалу барысы |
Жауапты |
|
Қызылорда қаласы |
||||
|
1. |
Сырдария мөлтек ауданы №4а, №11 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру |
Қараша айы |
Сырдария мөлтек ауданы №4а, №11 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртына жөндеу жұмыстарна арнайы техника беріліп, меншік иелері өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстары жүргізілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев А.Рысбек Т.Құлмағанбетов Г.Баймаханова |
|
2. |
Сырдария мөлтек ауданы №9 көпқабатты тұрғын үйге жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына арнайы техника (кран) мәселесін қарастыру |
Қыркүйек айы |
Сырдария мөлтек ауданы |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов |
|
3. |
С.Бейбарыс көшесі, Бекшора көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейінгі аралығындағы жаяу жүргіншілер жолына қала тұрғындарына арналған демалыс орындықтарын (скамейка) орнату мәселесін қарастыру |
Қазан айы |
С.Бейбарыс көшесі, Бекшора көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейінгі аралығындағы жаяу жүргіншілер жолына қала тұрғындарына арналған 2 дана демалыс орындарын салу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «SKKB CONSTRUCTION» ЖШС. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
4. |
Сырдария мөлтек ауданындағы арықтардың ішіне тазарту жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Қыркүйек айы |
Сырдария мөлтек ауданындағы арықтардың ішіне тазарту жұмыстары «Қызылорда тазалығы» ЖШС тарапынан жүргізілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов |
|
5. |
Қала аумағындағы жабайы ит, мысықтарды аулау жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Тұрақты түрде |
Қызылорда облыстық ветеринария басқармасының «Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК /12.09.2022 ж. №01-409/ мәліметі бойынша, ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Алайда, қазіргі таңда агрессивті, өмір сүруге қабілеті жоқ ит-мысықтар иесінің жазбаша өтініші бойынша және жергілікті учаскелік полицияның қатысуымен ауланып, жансыздандыру жұмыстары «Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК тарапынан жүргізілуде. |
Ж.Сейілов Н.Әзірбек Н. Төлегенов (келісім бойынша) |
|
6. |
Бектұрғанов көшесі №28 көппәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу (модернизация) мәселесін қарастыру |
Желтоқсан айы |
Бектұрғанов көшесі №28 көппәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу (модернизация) мақсатында 2021 жылы жоба-сметалық құжаттары дайындалып, республикалық бюджетке 63,0 млн теңгеге өтінім ұсынылды. Қаражат көзі қаралғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев А.Рысбек Г.Баймаханова |
|
7. |
Есенов көшесі №17 «Б» көппәтерлі тұрғын үйдің подъезд ішіне және алдына арнайы сүйеніш (перила) орнату мәселесі |
Қыркүйек айы |
Есенов көшесі №17 «Б» көппәтерлі тұрғын үйдің подъезд ішіне және алдына арнайы сүйеніш (перила) орнату жұмыстары «Қызылорда Су жүйесі» МКК тарапынан жүргізілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Рысбек |
|
8. |
Есенов көшесі №17 «Б» көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңында орнатылған 4 түнгі жарық шамдарын іске қосу мәселесі |
Қыркүйек айы |
Есенов көшесі №17 «Б» көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңында орнатылған түнгі жарық шамдары «Энергосервис» ЕЖШС мекемесімен толығымен іске қосылды. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Е.Есенбаев (келісім бойынша) |
|
9. |
Ғ.Мүсірепов №18 көппәтерлі тұрғын үйдің өжіресін ыза су мен қоқыстан тазарту жұмыстары |
Қыркүйек айы |
Ғ.Мүсірепов №18 көппәтерлі тұрғын үйдің өжіресін ыза су мен қоқыстан тазалау бойынша «Азамат» ПИК-і тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Рысбек |
|
10. |
Ғ.Мүсірепов №20 көппәтерлі тұрғын үйдің кәріз су жүйесін ретке келтіру жұмыстарын жүргізу |
Қазан айы |
Ғ.Мүсірепов №20 көппәтерлі тұрғын үйі 2020 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда, тиісті мамандармен өжіредегі ақау зерттеліп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді /ескі кәріз су желісі кесіліп, өжіреге су жиналу толықтай тоқтатылды/. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Рысбек |
|
11. |
Шұғыла мөлтек ауданы №10, №52 көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырындағы кене жәндіктеріне улау, тазалау жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Қыркүйек айы |
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 32 бабына сәйкес, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті. Сондай-ақ, Шұғыла мөлтек ауданы №10, №52 көппәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектісін басқарушы органы «Қызылорда су жүйесі» МКК. Осыған орай, кондоминиум объектісін басқарушы органмен меншік иелері бірлесіп шатырды кене жәндіктерінен тазалау жұмыстары жүргізілді. |
Ғ.Еркебай А.Рысбек Е.Ұзақбаев |
|
12. |
Шұғыла мөлтек ауданы №3,5,7 көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыстарды (асфальт қалдықтарын) тазарту жұмыстарын жүргізу |
Қыркүйек айы |
Шұғыла мөлтек ауданы №3,5,7 көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыстарды (асфальт қалдықтарын) тазарту жұмыстары «Қызылорда Су жүйесі» МКК-ны тарапынан толық жүргізілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Рысбек Т.Құлмағанбетов |
|
13. |
Шұғыла мөлтек ауданы №51 көппәтерлі тұрғын үйден жеке секторға алынатын (Бұхарбай батыр көшесі №122,124 тұрғын үйлері) ауыз судың мәселесін қарастыру |
Қыркүйек айы |
2010 жылы «Қызылорда су жүйесі» МКК тарапынан Бұхарбай батыр №122, №124 тұрғын үйлердің орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылатын нүкте болмауына орай, аталған тұрғын үйлердің ауыз су құбырын Шұғыла мөлтек ауданы №51 көппәтерлі тұрғын үйдің өжіресіне қосылуға техникалық шарт берілген болатын. Шұғыла мөлтек ауданы №51 көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өтінішіне сәйкес, қазіргі таңда аталған мекенжайды орталықтандырылған ауыз су құбырының өзге де қосылу нүктелері болуына байланысты Бұхарбай батыр №122, №124 тұрғын үйлер иелеріне |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов |
|
14. |
Шұғыла мөлтек ауданы №54 көппәтерлі тұрғын үйдің |
Қыркүйек айы |
Шұғыла мөлтек ауданы №51,52,54 көппәтерлі тұрғын үйлердің алдындағы екі бағана арасындағы ретсіз тұрған электр сымдары қалалық электр тарату торабы мекемесінің арнайы жөндеу бригадасымен талапқа сай ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Е.Есенбаев (келісім бойынша) |
|
15. |
Шұғыла мөлтек ауданындағы ЖК «Жас Орда» мекемесінің (аквапарк) ауласындағы демалыс орнын қайта іске қосып, тұрғындардың пайдалануына жағдай жасау мәселесін қарастыру |
Қыркүйек айы |
2015 жылғы 31 шілдеде Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан аквапарк Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» кәсіпорнына 10 жылға пайдалануға табысталған. Осы ретте, аталған территорияға демалыс-сауықтыру алаңын құру үшін ЖК «Жас Орда» мекемесімен келісім шарт жасалынған. Қала әкімдігінің қаулы күші 2025 жылдың 25 мамырына дейін. Осыған байланысты аталған кәсіпкермен кездесу өткізіліп, 2023 жылдың мамыр айынан бастап демалыс орнын (аквапарк) дамыту бойынша жұмыс жасайтынын білдірді. |
А.Қасымова Ж.Тажмаханов
|
|
16. |
Ақмешіт мөлтек ауданы №21 көппәтерлі тұрғын үйдің өжіресін ыза су мен қоқыстан тазарту жұмыстары |
Қыркүйек айы |
Ақмешіт мөлтек ауданы, №21 көппәтерлі тұрғын үйдің өжіресіне «Қызылорда су жүйесі» МКК тарапынан тиісті тазарту жұмыстары жүргізілді. Яғни, өжіреден қарау құдығына дейінгі аралығындағы жарамсыз құбыр ауыстырылып, өжіредегі лас су насоспен тартылды. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев А.Рысбек Т.Құлмағанбетов |
|
17. |
Ақмешіт мөлтек ауданы №12 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы арық су жүйелеріне тазарту жұмыстарын жүргізу |
Қыркүйек айы |
Ақмешіт мөлтек ауданы №12 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласындағы арық су жүйелеріне тазарту жұмыстары «Қызылорда тазалығы» ЖШС тарапынан жүргізілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов |
|
18. |
Ақмешіт мөлтек ауданы №29 көппәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу (модернизация) мәселесін қарастыру |
Желтоқсан айы |
Ақмешіт мөлтек ауданы №29 көппәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу (модернизация) мақсатында 2020 жылы бюджеттік өтінім беріліп, қаржыландырылған. Алайда тұрғындар тарапынан келіспеушілік туындап, күрделі жөндеу жұмыстарынан бас тартқан. Негізінен Қызылорда қаласында орналасқан, қазіргі таңда тозығы жеткен, өжіре іші лас суға толы, кәріз құбыры жарамсыз күйдегі, шатыр жабынынан жаңбыр немесе қар суы ағып, жағдайы осындай күйдегі көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, тұрғын үйдің пәтер иелерінен жалпылама түсіндірме жұмыстары жасалып, тұрғындар тарапынан 70 пайызы келісім беріп, қолдары жиналған жағдайда тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу (модернизация) жұмыстарын жасауға «қарсылығымыз жоқ» деген жазбаша сауалнама жүргізіліп, арнайы жиналыстар өткізіледі. Сонымен қатар, көппәтерлі үйде қайта жаңғырту керектігіне ақаулық актісі дайындалып, жоба сметалық құжаттамасы жасалып сараптамалық қорытындысы берілгеннен кейін, республикалық бюджетке ұсынымға берілу арқылы қаржысы қаралып, оң шешімі табылған жағдайда «Тұрғын үй қатынастары» заңына сәйкес, тиісті жұмыстары жүргізілетін болады. Осы заңдылықтар бойынша қазіргі таңда аталған көппәтерлі тұрғын үй иелеріне қайта түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев А.Рысбек Г.Баймаханова |
|
19. |
Ақмешіт мөлтек ауданындағы №30 көппәтерлі тұрғын үйдің айналасын қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізу мәселесі |
Қыркүйек айы |
Ақмешіт мөлтек ауданындағы |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Т.Құлмағанбетов |
|
20. |
Қала аумағына ойын алаңдарын салу мәселесі |
Қараша айы |
Қала көлемінде ойын алаңдарын орналастыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 30 ойын алаңының құрылысы жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілсе, 2021 жылы бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, 25 ойын алаңының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Ойын алаңдары бірінші кезекте тұрғындарының сұранысына сәйкес қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына орналастырылды. 2022 жыл "Балалар жылы" деп жарияланды. Осыған орай, облыс әкімі мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен Қызылорда қаласында 50 дана спорт және балалар ойын алаңдары салынады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта 37 дана спорт және балалар ойын алаңдары салынуда. Оның ішінде 17 дана спорт және балалар ойын алаңдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
21. |
Қоғамдық көлік мәселесі
|
Қазан айы |
Қалада қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында, үлкен сыйымдылықтағы автобустар алу жоспарланып, бұл жөнінде тиісті есептемелер дайындалып, құжаттар рәсімделіп, ұсыныс енгізілген. Ұсыныста қаланың барлық аумағын қамту, яғни қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешу көзделген. Бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда автобустарды сатып алу мақсатында өндіруші «QazTehna» ЖШС-мен (Қарағанды қаласы) келісім шарт жасалып, 82 дана автобус жеткізіліп, қызмет көрсетуде. Қалған 68 дана автобустар жыл соңына дейін жеткізілетін болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Р.Ерсұлтанұлы |
|
22. |
Қала бойынша қылмыстылықты азайту бағытында тиісті жұмыстарды атқару |
Тұрақты түрде |
Қала бойынша қылмыстылықты азайту бағытында Қызылорда қаласының полиция басқармасының мәліметі бойынша /16.09.2022ж №30-247/15136/ учаскелік полиция және патрульдік полиция бекеттерінің инспекторларымен күнделікті аралауын қамтамасыз ету бағытында тиісті рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов А.Қасымова Ж.Файзуллаев Ә.Жаназаров (келісім бойынша) |
|
23. |
Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің ауласында орналасқан балалар ойын алаңын жарықтандыру мәселесі |
Қыркүйек айы |
Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің ауласына «Корпорация Әлем құрылыс» ЖШС арқылы ойын алаңы салынған, оның ішінде футбол алаңы, балалар ойын алаңы және дене шынықтыру ойын алаңы қамтылған. Осы аталған балалар ойын алаңын түнгі жарықпен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекемеге «Корпорация Әлем құрылыс» ЖШС-не тапсырма берілді, алдағы уақытта жарықтандырылатын болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев
|
|
24. |
Р.Алшынбаев көшесінің тұсындағы Қызылжарма каналына тазарту жұмыстарын жүргізу |
Қыркүйек айы |
Р.Алшынбаев көшесінің тұсындағы Қызылжарма каналына мердігер мекеме «SKKB CONSRUCTION» ЖШС тарапынан тазарту жұмыстары толығымен жүргізілді. Тапсырыс беруші: «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ. |
Ғ.Еркебай Ж.Файзуллаев Ж.Нұрымбетов (келісім бойынша) |
|
25. |
Құрманғазы көшесін асфальттау мәселесін қарастыру |
Қараша айы |
Ұзындығы 0,4 шақырым болатын Құрманғазы көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
Белкөл кенті |
||||
|
26. |
Белкөл кентінің шеткі аумағына балалар ойын алаңын салу мәселесін қарастыру |
Қыркүйек айы |
Белкөл кентінің шеткі аумағына балалар ойын алаңын салу мәселесі бойынша тиісті зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, 1 дана спорт және балалар ойын алаңының құрылысы кенттің Әбдіқадыров көшесі бойынан жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Сәду Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
27. |
Белкөл кентінің орталық көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу мәселесін қарастыру |
Желтоқсан айы |
Белкөл кентінің орталық көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу жұмыстарына 24,1 млн теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылып, қазіргі таңда қалалық бюджеттен 5,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Ж.Сәду Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
Тасбөгет кенті |
||||
|
28. |
Электр бағандарына жаңадан орнатылған электр есептегіш (смарт счетчик) құралдарын қолжетімді жерге орнату |
Қараша айы |
«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ тарапынан Тасбөгет кентіндегі электр бағандарына орнатылған «Alfa Smart AS100» маркалы электр есептегіш құралдарын (смарт счетчик) қолжетімді жерге орнату жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі – 2023 жыл. |
Ғ.Еркебай С.Сыздықов Ж.Файзуллаев Б.Қаракөзов (келісім бойынша) |
|
Қызылжарма ауылдық округі |
||||
|
29. |
Қызылжарма ауылдық округі, 4 «Б» көшесіне тас төсеу жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастыру |
Қазан айы |
Қазіргі таңда Қызылжарма ауылдық округіндегі шет аймақтар Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданындағы 42 көшеге тас төсеу жұмыстары жобасы аясында, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен 3,6 млн теңгеге мердігер мекеме «УАД» ЖШС тарапынан ұзындығы 0,4 шақырым болатын 4 «Б» көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов М.Сейілов А.Әнуар Г.Баймаханова |
|
Қосшыңырау ауылдық округі |
||||
|
30. |
Ауылдық округтегі аяқ су жүретін каналдарды қазу, тазарту жұмыстарын жүргізу |
Қазан айы |
Қазіргі таңда ауылдық округке қарасты аяқ су жүретін Р-2,2 каналына |
Ғ.Еркебай С.Әбдіқадыров Ж.Файзуллаев Ә.Жылқайдаров (келісім бойынша) |
|
31. |
Ауылдағы С.Ишан қорымы жанындағы заңсыз пайда болған карьерді зерттеп, тиісті шараларды қабылдау |
Қыркүйек айы |
Қызылорда қаласының полиция басқармасының мәліметі бойынша (14.09.2022ж. №2-23/14919) қалалық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп С.Ишан қорымы жанында пайда болған карьердің нақты орналасқан орны анықталып, арнайы шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 2 карьердің жеке кәсіпкер Аптикаликова Р.Т. және «Сыр құмы» ЖШС пайдалануындағы заңды құжаты бар тұлғаларға тиесілі екендігі анықталды. Мерзімі: 23 жыл, 4 ай. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов С.Әбдіқадыров Ғ.Омаров Ә.Жаназаров (келісім бойынша) |
|
Қарауылтөбе ауылдық округі |
||||
|
32. |
Ауылдық округтің жаңадан қоныстанып жатқан елді мекендеріне электр желілерін жүргізу мәселесін қарастыру |
Қазан айы |
Ауылдық округтің жаңадан қоныстанып жатқан елді мекендеріне электр желілерін жүргізу мақсатында жалпы құны 366,0 млн. теңгеге құжаттамалары әзірленіп, республикалық бюджетке бюджеттік өтінім ұсынылды. Қазіргі таңда облыстық бюджеттен 100 мың теңге қаржы бөлінді, мердігер мекемесі «ЭЛКОМ» ЖШС. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде (ауыспалы негізде 2022 жылға облыстық бюджеттен 60 мың теңге бөлінді). |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов Е.Ахетов А.Әнуар Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
Ақжарма ауылдық округі |
||||
|
33. |
Ақжарма ауылдық округіндегі игерілмей тұрған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізу мәселесі
|
Қазан айы |
ҚР Үкіметі тарапынан Қызылорда облысына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым алқабы бойынша 150 000 гектар жер учаскесін мемлекет жер қорына қайтару тапсырылса, Қызылорда қаласына 12 000 гектар жер учаскесін қайтару бөлінген. Қызылорда қаласы аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым алқабын пайдалану бойынша Қызылорда қаласында жайылымдық мақсатында игерілмеген 894 жер учаскесінің пайдалануына тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесімен көлемі – 50 437,72 гектарды құрайтын 677 жер учаскесіне мал басы тіркелуіне орай мақсатына сәйкес пайдаланғандығы анықталса, ал көлемі – 12 988,44 гектарды құрайтын 112 жер учаскесі (оның ішінде, Ақжарма ауылдық округінен көлемі-814,7 гектарды құрайтын 8 жер учаскесі) мақсатына сәйкес пайдаланбау дерегі анықталып, мемлекет жер қорына қайтарылды. Бұл өз кезегінде орындалған көрсеткіш 108 пайыз. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов С.Әбдіреев Ғ.Омаров Ғ.Қожахметов |
|
34. |
Талдыарал елді мекеніндегі жатақхана тұрғындарының пәтерлерін жекешелендіру мәселесі |
Қыркүйек айы |
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тіркелген Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округі, Талдыарал ауылы, Талдыарал көшесі №25 «У» және Талдыарал-2 көшесі №38 «А» мекенжайында орналасқан ғимараттары Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілді /15.09.2022ж бұйрық №59/. Мәлімет үшін: әрі қарай жекешелендіру жұмыстарын жүргізу үшін «жатақхана» атауын «тұрғын үй» атауына өзгертіп, қайта жаңғырту үшін қаражатты қажет етеді, қазіргі таңда бюджеттік өтінімге құжаттары әзірленуде. Шамамен 192 мың теңге қажет. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов С.Әбдіреев Ж.Файзуллаев С.Айменов Д.Бохаев |
|
Қызылөзек ауылдық округі |
||||
|
35. |
Ауылдық округке балалар ойын алаңын салу мәселесін қарастыру |
Қараша айы |
Ауылдық округке спорт және балалар ойын алаңын салу мәселесі бойынша тиісті зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізіліп, Қараөзек елді мекені, Е.Дәуітбаев көшесі бойынан алаңның орны белгіленді. Қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттары жасалып, бюджеттік өтінім әзірленіп, қалалық бюджетке (2023 жылға) өтінім ұсынылды. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов С.Әбдіжаппар Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
Талсуат ауылдық округі |
||||
|
36. |
Ауылдық округтің Орынбор көшесі мен А.Құнанбаев көшелерінің аралығына жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін (тротуар) қарастыру |
Қазан айы |
Ауылдық округтегі ұзындығы |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов А.Жылқыбай Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
37. |
Ауылдық округтегі Абай көшесінен бастап №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығына дейін жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін (тротуар) қарастыру |
Қазан айы |
Жыл басында Талсуат ауылдық округі әкімінің аппаратымен жобалау-іздестіру есептері ұсынылып, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің /09.02.2022ж. 2023 жылы жобалау-сметалық құжаты сараптамасымен әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. |
Ғ.Еркебай Ж.Сейілов А.Жылқыбай Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова |
|
Ақсуат ауылдық округі |
||||
|
38. |
Газ желісін жүргізу барысында қазылған орындарын қайта көміп, тегістеу жұмыстарын жүргізу |
Қыркүйек айы |
Ауылдық округте газ желісін жүргізу барысында қазылған орындарды мердігер мекеме «Алия сервис» ЖШС-і тарапынан көміп, тегістеп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. |
Ғ.Еркебай М.Ақмырзаев А.Әнуар |
|
39. |
Ақсуат ауылдық округіне қалалық электр тарату торабы мекемесінен қосымша жұмысшы топ (бригада) санын көбейту мәселесі |
Қыркүйек айы |
Қалалық электр торабы басқармасының мәліметі бойынша, Ақсуат ауылдық округіне бекітілген электромонтер маманына қосымша Тасбөгет кенті бойынша электр торабының оперативтік шұғыл бригадасының кезекші электромонтер мамандары барып қызмет көрсететін болады. |
Ғ.Еркебай М.Ақмырзаев Ж.Файзуллаев Е.Каленов (келісім бойынша) |