Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласы әкімінің II-тоқсан қалаға қарасты кент, ауылдық округ және қала тұрғындарымен кездесулерінде көтерілген мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, Қызылорда қаласы әкімінің қалаға қарасты кент, ауылдық округ және қала тұрғындарымен кездесулерінде көтерілген мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарының

орындалу барысы туралы ақпарат

 

№

Іс-шара мазмұны

Орындалу мерзімі

Орындалу барысы

Жауапты

Қызылорда қаласы

1.    

Титов тұрғын ауданына емхана салу мәселесін қарастыру

Желтоқсан айы

Алдағы уақытта Қызылорда қаласында ауысымына 350 келушіге арналған №5 қалалық емхана құрылысын салу қолға алынатын болады /«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң шығыс хат №11-19/2590/

Қазіргі таңда ЖСҚ әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасына 2023-2025 ж.ж. бюджетік өтінім ұсынылды.

Титов тұрғын ауданы, Жанкент және Жетікөл көшелерінің қиылысынан  емхана салу үшін көлемі – 1,5 гектарды құрайтын жер учаскесі белгіленді. Аталған жер учаскесінде орналасқан кәсіпкерлік мақсатындағы 3 азаматқа тиесілі жер учаскелері ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес өзге аумаққа ауыстырылды. Қазіргі уақытта емхана үшін белгіленген жер учаскесін заңдастыру бағытында тапсырыс беруші тараптың хаты күтілуде.

А.Қасымова

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

А.Әнуар

Г.Баймаханова

Ғ.Омаров

Ғ.Қожахметов

С.Пазилов

(келісім бойынша)

2.    

Ә.Қашаубаев көшесінің екі жағына тал егу

Қазан айы

Ә.Қашаубаев көшесінің екі жақ бетіне тал егу жұмыстары 2023 жылғы көктем айларында жүргізілетін болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Файзуллаев

 

3.    

Ә.Қашаубаев көшесінің тұсында №10 мектепке баратын жолға аялдама орнату мәселесін қарастыру

Шілде айы

Ә.Қашаубаев көшесінің бойынан 2 дана аялдама орнату жұмыстары бойынша 2023 жылы қалалық бюджетке өтінім ұсынылатын болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

4.    

Т.Бокин көшесіне (№173 мектеп жаны) жаяу жүргіншілер жолын салу, жарықтандыру, асфальттау мәселесін қарастыру

Желтоқсан айы

Қызылорда қаласы Т. Бокин көшесіне М.Көкенов көшесінен Ә. Қашаубаев көшесіне дейінгі аралығына жаяу жүргінші жолын салу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 1 271,0 мың теңге қаржы қажет етіледі.

Сонымен қатар аталған көше бойына түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасы мен сараптама қорытындысын алуға қалалық бюджеттен 981,0 мың теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «ТМ Проект» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

5.    

М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің ауласындағы спорт және ойын алаңын тиісті мекеменің теңгеріміне өткізу

Шілде айы

М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің ауласындағы спорт және ойын алаңын «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының теңгеріміне табыстау үшін «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 36-бабына және Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы №11174 «Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес тиісті жұмыстары атқарылды.

       Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ә.Қашаубаев көшесі, нөмірсіз мекенжайында алаңы 1187,0 шаршы метр жер телімінде (кадастрлық нөмірі: 10:156:013:390) орналасқан спорт және ойын алаңы «Қалалық мәдениет Үйлері, клубтар және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының теңгеріміне қабылдану туралы бұйрық №44, 21 маусым 2022ж. 

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

С.Айменов

6.    

Әл-Фараби шағын ауданындағы аяқ су мәселесі

Шілде айы

Қалалық арық жүйелерін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін Қызылорда қаласына 26 дана барлау өндірістік ұңғымасын орнату жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 98 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, нәтижесінде «Казгипроводхоз» өндірістік коперативі жеңімпаз болып танылды. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

7.    

Әл-Фараби шағын ауданына №22 бағыттағы қоғамдық көліктің қайта қатынау мәселесі

Маусым айы

Қалада қоғамдық көлік мәселесін шешу мақсатында, үлкен сыйымдылықтағы автобустар алу жоспарланып, бұл жөнінде тиісті есептемелер дайындалып, құжаттар рәсімделіп, ұсыныс енгізілген.  Ұсыныста қаланың барлық аумағын қамту, яғни қоғамдық көлік мәселесін түбегейлі шешу көзделген. Бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда автобустарды сатып алу мақсатында  өндіруші «QazTehna» ЖШС-мен (Қарағанды қаласы) келісім шарт жасалып, 82 дана автобус жеткізіліп, қызмет көрсетуде. Осы ретте қалған 68 дана автобустар жеткізілгеннен кейін, №22 бағыттағы қалалық қоғамдық көлік қайта қызмет көрсетілетін болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Файзуллаев

 

8.    

Желкілдек батыр көшесін асфальттау мәселесін қарастыру

Қазан айы

Қызылорда қаласы Желкілдек батыр көшесі – қала бойынша жол салу жұмыстарын қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар кезең кезеңімен атқарылатын болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

9.    

Камалов тұйығы көшесін асфальттау мәселесін қарастыру (№173 мектепке баратын жол)

Қазан айы

Облыстық бюджеттен 14 950 мың теңге қаржы қарау жөнінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына тиісті бағдарлама әкімшісі арқылы бюджеттік өтінім ұсынылды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

10.        

Бәйтерек - 1,2 көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу

Тамыз айы

2022 жылы Бәйтерек тұрғын ауданындағы ұзындығы 4 шақырым болатын 1-ші кіре-беріс және ұзындығы 5 шақырым болатын 2-ші кіре-беріс жолға орташа жөндеу жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен 429,0 млн.тг (Бәйтерек 1 – 197,0 млн.тг, Бәйтерек 2 – 232,0 млн.тг) бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Қызылорда жолдары» ЖШС-мен келісім шарт жасады. Қазіргі таңда жұмыстар толықтай аяқталды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

11.        

Жаппасбай батыр мен Қорқыт ата көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату

Шілде айы

Жаппасбай батыр көшесімен Қорқыт Ата көшесінің қиылысына бағдаршам орнату жұмыстарына 18 349 мың теңгеге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігер мекеме ИП «Көшеков» арқылы жұмыстар атқарылды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

12.        

Сағымбаев көшесіне жарық бағаналарын орнату

Шілде айы

Сағымбаев көшесі «КазМұнайГаз» жанармай бекетінен Байтерек тұрғын ауданына дейін түнгі көше жарықтарын орнатуға /1,0 шақырым/ қалалық бюджеттен 6 882 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «ИП Көшеков» арқылы жарық бағаналарын орнату жұмыстары аяқталып, іске қосылды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

13.        

Бәйтерек тұрғын ауданына Қызылжарма каналы арқылы өтетін көпір құрылысын салу

Қараша айы

Қызылорда қаласы, Бәйтерек тұрғын ауданына «Оң жақ магистральды» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірі құрылысын бастау үшін облыстық бюджеттен 100,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Стандарт Ойл» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Жобаны толықтай аяқтау үшін қажетті қаржы 368,5 млн теңге. Қалған қаражатты бөлу үшін облыстық бюджетке өтінім ұсынылды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

14.        

Әл-Фараби шағын ауданы, Нысанбай Жырау көшесінің екінші жақ бөлігіне электр бағаналарын орнату мәселесін қарастыру

Қараша айы

Қызылорда қаласы Әл-Фараби шағын ауданы, Нысанбай жырау көшесінің екінші жақ бөлігіне электр бағаналарын орнату мәселесі бойынша қалалық құрылыс бөлімі тарапынан жоба-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қажетті жоба құны 2,5 млн теңге, алдағы уақытта қалалық бюджетке бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

А.Әнуар

Г.Баймаханова

15.        

Байқоңыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу мәселесін қарастыру (тротуар)

Тамыз айы

Қызылорда қаласы, Байқоңыр көшесі – қала бойынша жаяу жүргіншілер жолын салу қажет етілетін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар кезең кезеңімен атқарылатын болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

16.        

Арай-Шұғыла мөлтек ауданының электр желілерін жүргізу

Желтоқсан айы

Қызылорда қаласы, Арай Шұғыла мөлтек ауданындағы тұрғын үй секторын  электрмен жабдықтауға 89 376 мың теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен жеңімпаз мердігер мекеме «Элком» ЖШС-і анықталды. Қазіргі таңда электр бағаналары орнатылып, кабель тарту жұмыстары толық жүргізілді. Ендігі ретте, электр қуаттылығын тарату, яғни (ТП) қондырғыларының ішкі бөлшектері құрастырылылып, Қызылорда қалалық электр тарату тораптары мекемесімен бірлесіп орналастыру жұмыстары жүргізілуде. ТП қондырғысы толық орналастырылғаннан кейін тиісті 72 сағат сынақ уақыты жүргізіліп, электр желісіне толық қосылатын болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

А.Әнуар

Г.Баймаханова

17.        

Құлтекенов көшесіне аялдама орнату мәселесін қарастыру (Құлтекенов пен Хлебная көшелерінің қиылысы)

Шілде айы

Қазіргі таңда Құлтекенов көшесіне аялдама орнату - қала бойынша аялдамалар қажет ететін тізімге енгізілді. Алдағы уақытта қаражат бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылатын болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

 

18.        

Арай-Шұғыла мөлтек ауданына көше атауларын беру және нөмірлендіру

Тамыз айы

Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, «Арай-Шұғыла» мөлтек ауданы бойынша жекелеген азаматтар мен қала тұрғындарынан түскен ұсыныстар қалалық ономастика жұмысшы тобының күн тәртібіне енгізіліп, қаралатын болады.

Бүгінде аталған аумақтан 7 көшенің құжаттары әзірленіп күн тәртібіне енгізілді.

(Арай-Шұғыла 1 көшесі 1265 метр ені 6 метр, 40 шақты үй, Арай-Шұғыла 2 көшесі 1234 метр ені 6 метр, 40 шақты үй, Арай-Шұғыла 3 көшесі 450 метр ені 6 метр, 25 шақты үй, Арай-Шұғыла 4 көшесі 608 метр ені 6 метр, 15 шақты үй, Арай-Шұғыла 5 көшесі 540 метр ені 6 метр, 20 шақты үй, Арай-Шұғыла 6 көшесі 180 метр ені 6 метр, 7 шақты үй, Арай-Шұғыла 7 көшесі 220 метр ені 6 метр, 6 шақты үй)

2022 жылғы 9 қыркүйекте қалалық ономастика жұмысшы тобының отырысы өткізілді. Аталған отырыста Арай-Шұғыла м.а. бойынша 7 көше жан-жақты талқыланып, Арай 1 және Арай 2 көшелері кісі есімімен аталуына қолдау көрсетіліп, тиісті жұмыстары жүргізілуде.  

А.Қасымова

Ғ.Қожахметов

Ж.Файзуллаев

Ж.Тажмаханов

19.        

Арай-Шұғыла мөлтек ауданына мектеп құрылысын салу мәселесін қарастыру

Желтоқсан айы

Қазіргі таңда Арай Шұғыла мөлтек ауданына жеке кәсіпкер «Бауыр group» ЖШС өз қаражаты есебінен
1200 орындық жеке мектеп салуға тиісті жұмыстары жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

А.Әнуар

Г.Баймаханова

20.        

Саяхат мөлтек ауданына №11 бағыттағы қоғамдық көліктің бағытын өзгертпеу

Шілде айы

Қалаға жаңадан үлкен сыйымдылықтағы автобустардың келуіне орай, жергілікті тұрғындардың келісімімен
№19 бағыттағы қоғамдық көлік Саяхат мөлтек ауданы арқылы жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Файзуллаев

М.Жүсіп

21.        

Қоғамдық көлікте мүгедек азаматтарға тегін жүру үшін жеңілдіктер қарастыру

Маусым айы

Қызылорда қаласы бойынша І-II топ көз мүгедектеріне қалалық қоғамдық көліктерде жеңілдіктер қарастыру мақсатында арнайы қаулы және шешім құжаттары әзірленіп, Әділет органына жолданып, тіркелді.

Ендігі ретте «Қызылорда автобус паркі» мекемесі арқылы арнайы билет карточкалары әзірленуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Файзуллаев

К.Құрақбаева

22.        

КБИ мөлтек ауданы, Қорқыт ата №12 көшесіндегі электр бағандарын жаңарту

Қараша айы

Қызылорда қаласы КБИ мөлтек ауданы, Қорқыт ата №12 көшесіндегі электр бағаналарын жаңарту мақсатында қалалық құрылыс бөлімі тарапынан жоба-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 3,1 млн теңге,  қалалық бюджетке бюджеттік өтінім жолданды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

А.Әнуар

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

Е.Каленов

(келісім бойынша)

23.        

Шұғыла №51 көппәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу (модернизация)

Қараша айы

«Тұрғын үй-коммуналдық дамудың
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және «Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттеріне кредиті» ЖБ бюджеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласына Шұғыла мөлтек ауданы
№51 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін
2022 жылға республикалық бюджеттен 99,5 млн теңге қаражат қарастырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекемесі – «Жан Сая» ЖШС.

Ғ.Еркебай

Ж.Файзуллаев

Т.Құлмағанбетов

 

24.        

Ақмешіт мөлтек ауданы №9, 136 мектептерге баратын жолдарға жаяу жүргіншілер (тротуар) жолын салу

Қыркүйек айы

Ақмешіт мөлтек ауданы №9, мектеп жанындағы көше С.Романов көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі жолдарға жаяу жүргіншілер (тротуар) жолын салуға қалалық бюджеттен 12 864 мың теңге және №136 мектеп жанындағы көше С.Романов көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі жолдарға жаяу жүргіншілер (тротуар) жолын салуға облыстық бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

25.        

Толыбеков пен Әуезов көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату

Шілде айы

Толыбеков көшесі мен Әуезов көшесінің қиылысына бағдаршам орнатуға облыстық бюджеттен 19 543 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде «Көшеков» ЖК-мен келісім шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

Тасбөгет кенті

26.        

Кенттегі Сейфуллин көшесіне тас төсеу мәселесін қарастыру

Шілде айы

Кенттегі 7 көшеге (Сейфуллин, Мұратбаев, Маханбетов, Молдағұлова, Майқанова, Дүйсенов, Өтеуов) малта тас төсеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы шықты.

Ендігі ретте жалпы құны 251,9 млн теңге болатын жобаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджетке өтінім берілді.

Ғ.Еркебай Ж.Сейілов

С.Сыздықов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

27.        

Кенттегі жаңа бейіттің құрылысын жалғастыру

Қазан айы

Кенттегі орталық бейіттің аумағы толуына орай, 2018 жылы шет аймақтан жаңа бейіт құрылысын салу үшін 13,5 га жер учаскесі белгіленді. Сондай-ақ, кент әкімшілігі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Осы негізде қалалық бюджетке құны 101,7 млн. теңге болатын жобаны жүзеге асыруға өтінім берілді. Жүргізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен «Энергия СК» ЖШС мекемесі 84,7 млн. теңгеге жеңіп алды. 2020 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға қалалық бюджеттен 20,0 млн теңге бөлініп, толық игерілді. 2021 жылы жоба құрылысын жалғастыруға 20,0 млн теңге бөлінді, алайда мердігер мекеме құрылыс материалдарының қымбаттауын алға тартып, тиісті жұмыстарды жүргізбеді. Осыған орай, келісім-шарт негізінде сотқа беріліп, нәтижесінде бейіт құрылысының жоба-сметалық құжаттары қайта есептеліп, түзетулер енгізуге сот шешімі шығарылды.

Бүгінгі таңда кент әкімі аппаратының үнемделген қаржысы есебінен
1,7 млн теңгеге ЖСҚ-сы қайта әзірленіп, 81,8 млн теңгенің бюджеттік өтінімі берілді.

Ғ.Еркебай Ж.Сейілов

С.Сыздықов

А.Әнуар

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

28.        

Абай көшесіндегі арықтардың ішіне тазарту жұмыстарын жүргізу

Маусым айы

Бүгінде аталған Абай көшесінің арықтарына толықтай тазарту жұмыстары жүргізілді.

Ғ.Еркебай С.Сыздықов

Ж.Файзуллаев

29.        

Абай көшесінің бойына аялдама орнату

Қазан айы

Кенттегі Абай көшесінің бойына қалалық бюджеттен бөлінген 2,5 млн теңгеге
2 дана аялдама орнатылды.

Ғ.Еркебай Ж.Сейілов

С.Сыздықов

Г.Баймаханова

30.        

Саяжайға қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру ара қашықтығын реттеу (интервал) /№28, №30 бағыттағы қоғамдық көліктер/

Маусым айы

№28 бағытта қатынайтын қала ішілік қоғамдық көлігінің аралық интервалын реттеу мақсатында «КадНұр» ЖШС-не тиісті шаралар қабылдау үшін тапсырма берілді, сонымен қатар №30 бағытта қатынайтын қала ішілік қоғамдық көлігінің аралық интервалын реттеу мақсатында  жауапты «Арғымақ» ЖШС-не тиісті шаралар қабылдау үшін тапсырма берілді.

Ғ.Еркебай С.Сыздықов

Ж.Файзуллаев

31.        

Наурыз шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын жарықтандыру

Қыркүйек айы

Кенттегі Наурыз шағын ауданындағы аулаларды жарықтандыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару шотынан 0,8 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда тиісті жұмыстарды атқаруға мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы /Мердігер мекеме «Иннотех» ЖШС/ анықталып, жарық шамдар орнатылды.

Ғ.Еркебай Ж.Сейілов

С.Сыздықов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

32.        

С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің шатырын жөндеу

Қыркүйек айы

С.Майқанова атындағы Мәдениет үйінің шатырын жөндеу үшін жергілікті өзін-өзі басқару шотынан 3,2 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекемесі «Ақпарат Қызылорда» ЖШС.

Ғ.Еркебай Ж.Сейілов

С.Сыздықов

Г.Баймаханова

33.        

Тасбөгет кентіне ауыз су қызметі үшін ақы төлейтін касса ашу

Шілде айы

2022 жылдың 1-маусымынан бастап Тасбөгет кенті Есенов көшесі №36 мекен-жайда орналасқан «Әмбебап» сауда үйінің 2-ші қабатында ауыз су және кәріз су бұру қызметтерінің төлемдерін қабылдайтын касса ашылып, жұмыс жасауда.

Ғ.Еркебай С.Сыздықов

Ж.Файзуллаев

 

Белкөл кенті

34.        

Әбдіқадыров көшесінің Тасбөгет кентімен шекарасында орналасқан кәріз суларды төгетін сүзгі алаңының жұмысын ретке келтіру

Маусым айы

Учаскелік полиция инспекторлары, экология департаменті мамандары, «Су жүйесі» МКК мамандары, Белкөл кенті әкімі аппараты қызметкерлерімен бірлесіп арнайы лас суларды таситын техникаларға (ассенизатор) тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

 Ж.Сәду

Ж.Файзуллаев

Ә.Жаназаров

(келісім бойынша)

35.        

Белкөл кенті тұсында орналасқан медициналық қалдықтарды залалсыздандыратын орынның жұмысына тексеру жұмыстарын жүргізу

Маусым айы

 «Қызылорда облысы бойынша экология департаменті» РММ-ң зертханалық-талдамалы бақылау бөлімі тарапынан берілген мәлімет бойынша медициналық қалдықтарды залалсыздандыру пешінің санитарлық қорғаныш аймағынан атмосфералық ауадан сынамалар алынып, нәтижесімен ластағыш заттар шекті рұқсат етілетін мөлшерден аспағаны, сондай-ақ департаментпен жүргізілген сырттай бақылау, қарау, зерделеу нәтижесімен «Барша и К» ЖШС-нің медициналық қалдықтарды залалсыздандыру пешінің қазіргі таңда жұмыс жасап тұрмағандығы анықталған.

 

 

 

Ғ.Еркебай

Ж.Сәду

Ж.Файзуллаев

Н.Өмірсерікұлы

(келісім бойынша)

36.        

Әбдіқадыров-3 көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату

Шілде айы

К.Әбдіқадыров-3 көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстарына қалалық бюджеттен 2,5 млн теңге қаржы бөлініп,  түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекемесі «МК Сервис» ЖШС.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Сәду

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

37.        

№11 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ескі кәріз су жүйесінің құбырын ауыстыру

Шілде айы

Қазіргі таңда Белкөл кенті әкімшілігі «Арал» ОДСП мекемесімен бірлесіп №11 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ескі кәріз су жүйесінің құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Ғ.Еркебай

Ж.Сәду

Ж.Файзуллаев

38.        

Теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу

Қазан айы

Қызылорда қаласының Белкөл кентінде Теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салу үшін облыстық бюджеттен 251 млн. теңге қаражат бөлініп, мердігер мекеме «Голден Сити» ЖШС 225,2 млн. теңгеге жеңімпаз атанып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Ж.Сәду

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

39.        

Кентке аяқ су тарату ұңғыма (скважина) қазу

Шілде айы

Белкөл кентіндегі Бірқазан көшесіндегі №14-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылау 14 799,8 мың теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Белгіленген кестеге сәйкес, Бірқазан елді мекенінде ұңғыма (скважина) қазу жұмыстары аяқталып, қосу жұмыстары жүргізілуде.  

Ғ.Еркебай Ж.Сейілов

Ж.Сәду

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

Қызылжарма ауылдық округі

40.        

Р.Батырбаев және Қ.Сексенбаев көшесінің қиылысына бағдаршам орнату

Тамыз айы

Р.Батырбаев және Қ.Сексенбаев көшесінің қиылысына бағдаршам орнату жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілді. Жоба құны 11,9 млн теңге. Мердігер мекемесі анықталғаннан кейін бағдаршам орнату жұмыстары жүргізілетін болады.  

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

М.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

41.        

Ауылдық округке аяқ су тарату ұңғыма (скважина) қазу

Шілде айы

Қазіргі таңда, Қызылжарма ауылдық округін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы 3 дана дренажды су бұрғылау ұңғымаларын (скважин) салу жұмыстары жүргізілді:

1. Ұстабаев көшесіне 1 дана су ұңғымасы;

2. Н. Илясов көшесіне 1 дана су ұңғымасы;

 3. Ауылдық округтегі С.Әлжіков атындағы №144 мектептің артқы жағына 1 дана су ұңғымасы қазылып пайдалануға берілді.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

М.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

42.        

Ауылдық округтегі Сайлыбаев және №4А көшелеріне орташа жол жөндеу (тас төсеу) 

Шілде айы

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бюджеттен қаралған
5,7 млн.теңге қаражатқа мердігері «Универсал Сервис» ЖШС-і Сайлыбаев және №4 А көшелеріне орташа жол жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізілді.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

М.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

43.        

Қызылжарма-20, 21 көшелеріне қиыршық тас төсеу

Қазан айы

Жоба құны 1 млрд. 642 млн. теңгеге қалалық құрылыс бөлімі арқылы округтің шет аймақтары болып саналатын Қызылжарма-1 және Қызылжарма-2 тұрғын ауданындағы 42 көшеге тас төсеу жұмыстарын бастауға 190 млн. теңге қаралды. Қазіргі таңда, осы қаражатқа
8 (20,21 көшелер осы тізімге енгізілген) көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекемесі – «УАД» ЖШС.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

М.Сейілов

А.Әнуар

Г.Баймаханова

44.        

Ауылдық округтегі аяқ су жүретін каналдарды қазу, тазарту

Шілде айы

Ауылдық округтегі аяқ су жүретін ауылішілік каналдарды тазалау, арықтар жүргізілмеген көшелерге арық қазу және диаметрі 300-лік 5 дана құбырлар салу жұмыстары жүргізілді.  Мердігер мекеме –  ИП «Асанова».

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

М.Сейілов

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

Қосшыңырау ауылдық округі

45.        

Ауыл тұрғындарын газбен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру

Желтоқсан айы

Ауылдық округті көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 11 млн. 688 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.

Сатып алу қорытындысымен мердігер мекеме «Строй-Проект-Инвентаризация» ЖШС жеңімпаз деп танылып жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, құзырлы орынға ұсынылды.

Құрылыс жұмыстарына жобамен
664,889 млн.тенге қаржы қажет етуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

С.Әбдіқадыров

Ж.Файзуллаев

А. Әнуар

Г.Баймаханова

46.        

Абай ауылындағы авариялық ескі амбулаторияны бұзып, орнына жабық спорт кешенінің құрылысын салу үшін ЖСҚ дайындауға қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Тамыз айы

Абай ауылындағы авариялық ескі амбулаторияны бұзып, орнына жабық спорт кешенінің құрылысын салу үшін ЖСҚ дайындауға қалалық бюджетке өтінім берілді.

Абай ауылындағы авариялық ескі амбулаторияны бұзып спорт кешенін салу бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына қатынас хат жолданды. Қазіргі таңда амбулаторияның  меншік тану құжаттары жасалуда.  

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

С.Әбдіқадыров

Ж.Файзуллаев

Г.Баймаханова

 

47.        

Ауылдық округтегі сиыр фермасынан амбулаторияға дейін жарық бағандарын орнату

Шілде айы

Ауылдық округтегі сиыр фермасынан амбулаторияға дейін жарық бағаналарын орнату үшін жергілікті бюджеттен 3,5 млн теңге қаржы бөлінді. «МК Сервис ЛТД» ЖШС мекемесі арқылы  ауылдық округтегі сиыр фермасынан амбулаторияға дейін жарық бағандары толығымен орнатылды.

Ғ.Еркебай

С.Әбдіқадыров

Ж.Файзуллаев

48.        

Досан елді мекеніне медициналық бекет салу мәселесін қарастыру

Желтоқсан айы

Досан ауылына медициналық бекет құрылысы үшін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан жоба сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны – 140,0 млн теңге. Алдағы уақытты 2023 жылға бюджеттік өтінім беріліп, 2024-2025 ж.ж. салу жоспарлануда.

Ғ.Еркебай

С.Әбдіқадыров

С.Пазилов

(келісім бойынша)

Қарауылтөбе ауылдық округі

49.        

«Әбдіқалық» бейітіне қоршау жұмыстарын жүргізу

Шілде айы

Ауылдық округ бойынша елді мекен аумағында орналасқан «Әбдіқалық» бейітіне қоршау жұмыстарын жүргізуге 13 500 мың теңге және құжаттарын рәсімдеуге 740 мың теңге қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме «ОрдаМегаСтрой» ЖШС-мен қоршалау жұмыстарын жүргізу толығымен аяқталды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Е.Ахетов

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

50.        

Бақшалық жерлерді суландыру мақсатында 2 дана аяқ су насосын алу

Шілде айы

Бақшалық жерлерді суландыру мақсатында аяқ су насосын орнатуға қалалық бюджеттен 800 мың теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекемені анықтау мақсатында конкурстық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы конкурс жарияланды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Е.Ахетов

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

51.        

Ауылдық округке аяқ су тарату ұңғыма (скважина) қазу

Шілде айы

Қарауылтөбе ауылдық округі, жаңа қоныстанушы аумаққа техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға
14 799,8 мың теңге және Қарауылтөбе ауылдық округі, А.Иманов көшесінің бойындағы №6-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14 799,8 мың теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Е.Ахетов

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

52.        

Ауылдық округке 150 орындық типтік жобадағы мәдениет үйінің құрылысын салу

Желтоқсан айы

Қарауылтөбе ауылдық округінде республикалық бюджеттен 274,8 млн. теңге қаражат бөлініп, 150 орындық клуб құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмысын «КРЕЗ Сервис» ЖШС жобалап, «Өмірзақ» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда мердігер мекеме клуб үйінің өру, терезе, есіктерін орнату /т.б. ішкі жұмыстары/ жұмыстарын аяқтап, жылу жүйесі мен шатырлау жұмыстары жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

Е.Ахетов

А.Әнуар

Г.Баймаханова

Қызылөзек ауылдық округі

53.        

Қараөзек ауылындағы Ж.Жабаев көшесін  жарықтандыру

Шілде айы

Мекеменің үнемделген қаражаты есебінен қаралған 3,588 млн. теңге қаражатқа мердігер «МК-СЕРВИС LTD» ЖШС-і Қараөзек ауылындағы Ж.Жабаев көшесінің қалған бөлігіне түнгі жарық бағаналарын орнатып, көше толық жарықтандырылды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

С.Әбдіжаппар

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

54.        

Айнакөл-2,3,4,5 көшелеріне жарық бағаналарын орнату

Шілде айы

 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бюджеттен қаралған
3,6 млн.теңге қаражатқа мердігер
«Ai-Dar service» ЖШС-і Айнакөл-2,3,4,5 көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату жұмыстары толығымен аяқталды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

С.Әбдіжаппар

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

55.        

Ауылдық округке аяқ су тарату ұңғыма (скважина) қазу

Шілде айы

Қызылөзек ауылдық округі, Қараөзек ауылы, С.Сейфуллин көшесінен №18-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14799,8 мың теңге, Жаңаарық көшесінен №19-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14,8 млн.теңге, Қараөзек бекеті, Ш.Ибраева көшесінен №19-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14,8 млн.теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда 3 ұңғыма да бұрғыланып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың сұранысына байланысты, Қараөзек ауылы, Арғын көшесінен 4-ші ұңғыма қазылып, электр қуатына қосу жұмысы жүргізілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

С.Әбдіжаппар

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

56.        

«Левая ветка» каналын және «Шегіртке» шабындығына дейін «Сталин» каналын қазып, тазарту

Шілде айы

«Левая ветка» каналынан «Шегіртке» шабындығына дейінгі каналды қазып тазарту жұмыстарын жүргізу жөнінде «Қызылордасушар» өндірістік учаскесіне ұсыныс берілді, мекеменің қаржы мүмкіндіктеріне қарай шешу жолдары қарастырылуда.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

С.Әбдіжаппар

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

57.        

Қызылөзек ауылдық округіне қарасты үш елді мекенді ілеспе газбен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру

Желтоқсан айы

Қызылөзек ауылдық округіне қарасты үш елді мекендерді ілеспе газбен қамту жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу мақсатында сметалық құнын анықтау үшін жобалық зерттеу жұмыстары (ПИР) қайта жасалып, қалалық құрылыс бөлімі арқылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылды.

Алдағы уақытта облыс бойынша елді мекендерді газдандыру жоспарына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі деп күтілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов С.Әбдіжаппар Ж.Файзуллаев А.Әнуар

Г.Баймаханова

Талсуат ауылдық округі

58.        

Ауылдық округке аяқ су тарату ұңғыма (скважина) қазу

Шілде айы

Талсуат ауылдық округі, Нұрмағанбетов көшесіндегі №10-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14 799,8 мың теңге және Талсуат ауылдық округі, Байкенжеев көшесіндегі №11-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14 799,8 мың теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда Талсуат ауылдық округіндегі екі аяқ су тарату ұңғымасы қазылып, ауылдық округ тұрғындарына аяқ су берілуде.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

А.Жылқыбай

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

59.        

Талсуат ауылындағы тұрғындар жаңадан қоныстанған аумаққа және басқа да 13 көшеге электр желісін тартуға ЖСҚ әзірлеу

Қазан айы

Талсуат ауылдық округіне қарасты Атырау, №7 көше, Орынбор, Алматы, Астана, Ақмешіт, Қазалы, Жанкент, №6 көше, Сейхун, Сығанақ және Сырдария көшелерін электр желілерін жүргізу және электр бағаналарын орнатуға, жобалау-сметалық құжаттарын сараптамасымен әзірлеуге қалалық бюджеттен
4,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі. Жобалаушы мекеме: «Димаш Сервис» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды.

Сметалық құны  69,7 млн теңге  мемлекеттік сараптама қорытындысы 24.08.2022 ж. №МАРАТ-0053/22 алынды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

А.Жылқыбай

А.Әнуар Г.Баймаханова

60.        

Жаңадан салынған ауыз су құбыры сапасының мәселесін шешу жолдарын қарастырып, тиісті мекеменің теңгеріміне беру

Шілде айы

Қазіргі таңда екі скважина тазаланды. Тапсырыс беруші мекеме –  қалалық құрылыс бөлімі тарапынан теңгерімге алатын мекеменің ескертпесіне орай құжаттарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп, облыстық экономика және қаржы басқармасына (12.07.2022ж
№01-1/1630)
ұсынылды.

Сонымен қатар, тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі тарапынан ауыз су ұңғымаларын қайта қалпына келтіру үшін "Асанас-Дар" ЖШС-не қатысты қазан айында талап-арызбен сотқа жүгінді. 2023 жылдың сәуір айында бір ұғыманы қайтадан қазу жұмыстарын жүргізетін болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

А.Жылқыбай

А.Әнуар

Ж.Файзуллаев С.Айменов

Н.Қордабай

(келісім бойынша)

61.        

Қазалы, Көкшетау көшелеріне жарық бағаналарын орнату

Шілде айы

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Талсуат ауылдық округіндегі Қазалы, Көкшетау көшелеріне көше жарығын жүргізу үшін бюджеттен
1.9 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсы бойынша Қазалы көшесінің жеңімпазы «ИННО ТЕХ» ЖШС және Көкшетау көшесі бойынша
«МК - Сервис» ЖШС анықталып, көше жарығын жүргізу бойынша жұмыстар толығымен аяқталды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

А.Жылқыбай

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

 

Ақжарма ауылдық округі

62.        

Ауылға аяқ су тартуға ұңғыма (скважина) қазу

Шілде айы

Ақжарма ауылдық округі, Баймұрат батыр елді мекені Н.Тасымов көшесіндегі
 №1-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14,8 млн теңге және Ақжарма ауылдық округі, Талдыарал елді мекені Талдыарал көшесіндегі №2-ТС техникалық су тарту ұңғымасын бұрғылауға 14,8 млн теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді.

Мердігер мекемесі – "Бақ береке" ЖШС. Қазіргі таңда Баймұрат батыр елді мекеніне ұңғыма орнату жұмыстары толығымен аяқталды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

м.а. Ә.Мұсабаев

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

 

63.        

Талдыарал елді мекеніне электр желісін жүргізу

Шілде айы

Талдыарал елді мекеніндегі тұрғын үйлердің электр желісін жүргізуге
43,1 млн. теңге қаржы бөлінді (оның ішінде: республикалық бюджеттен 39,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 4,1 млн. теңге).

Жоба аясында ұзындығы ВЛ-10кВ - 5,4 шақырым, ВЛ-0,4кВ - 2,1 шақырым электр желісі қарастырылған.

Осы жобаны іске асыру үшін конкурс ұйымдастырылып, 29.03.2022 жылы №7048563-ОК1 ашық конкурс тәсілімен «Құрылыс компания «Ер-Қанат Сервис» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды.

Мердігер мекеме мен қалалық құрылыс бөлімі арасында 39,5 млн. теңгеге07.04.2022 жылы №44 келісім шарт жасалды. Шарттың орындалу мерзімі 3 ай (08.07.2022 жыл).

Анықтама ретінде: Шілде айында нысан басында мердігер мекеме тарапынан 60 дана электр бағана, 2000 метрден аса кабель жеткізілген. Осы ретте, қалалық құрылыс бөлімінің маманы мен техникалық қадағалаушы нысанға барып, 6,0 млн. теңгенің жұмыс көлемі орындалғандығын растап, мердігер мекемеге 29.07.2022 жылғы №4672506/22-577 шотымен төлем жүргізген. Бүгінде нысанның басында кейбір материалдар (кабель) жоқ.

Шарт бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты «Құрылыс компания «Ер-Қанат Сервис» ЖШС-не арнайы бірнеше рет ескертпе хаттар берілді.

Сонымен қатар, нысанның техникалық қадағалаушы мекеме «Асем Құрылыс» ЖШС-і тарапынан нұсқама жолданған. Бірақ, ешқандай нәтиже болмағандықтан, қалалық құрылыс бөлімі тарапынан 11.07.2022 жылғы №01-1/622 талап қою арызбен Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық сотына жүгінді (талап қою арыздың талабы: мердігер мекемені мемлекеттік сатып алуға жозықсыз қатысушы деп тану және құрылыс жұмыстарын жүргізуді міндеттеу).

Талап қою арызы бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы
14 қазандағы №4360-22-00-2/1296 шешімімен мердігер «Құрылыс компания «Ер-Қанат»ЖШС-і мемлекеттік сатып алуға жозықсыз қатысушы деп танылып, құрылыс жұмыстарын аяқтау міндеттелінді.

Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан соттың шешімі орындалмауда.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

А.Әнуар

Ж.Файзуллаев

С.Әбдіреев Г.Баймаханова

64.        

Ауылдық округке газ жүргізу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін қарастыру

Желтоқсан айы

2022 жылы Ақжарма ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жоба-сметалық құжаттамасын дайындауға37,6 млн. теңге қаржы қажеттілігі анықталып, қалалық құрылыс бөлімі арқылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік ұсыным берілді.

Алдағы уақытта, бюджеттен қаржат бөлу мәселесі оң шешімін тапқан жағдайда бұл жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

С.Әбдіреев Ж.Файзуллаев А.Әнуар Г.Баймаханова

65.        

Тоғай көшесіне көше жарығын орнату

Шілде айы

Ақжарма ауылдық округі, Баймұрат батыр ауылының Тоғай көшесіне 500 метрге көше жарығын орнату жұмыстарына
қалалық бюджеттен 2,5 млн. теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу заңының баға ұсынысын сұрату тәсілі бойынша хабарлама маусым айында беріліп, «Энергия Нұр» ЖШС арқылы жұмыс толығымен аяқталды.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

С.Әбдіреев Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

Ақсуат ауылдық округі

66.        

Ауылдық округті газбен қамтамасыз ету

Желтоқсан айы

Ақсуат ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылға 2 млрд.439 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекемесі "Алия - Сервис" ЖШС ағымдағы жылы 9,6 шақырым болатын орта қысымды және 16,5 шақырым болатын жоғары қысымды газ құбыры мен 123 шақырым болатын төменгі қысымды газ құбырын тарту және тұрғын үйлерге түтік шығару жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны - 4 млрд 775 млн. теңгені құрап отыр.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

М.Ақмырзаев

А.Әнуар

Ж.Файзуллаев Г.Баймаханова

67.        

Аяқ су насосын алу (2 дана)

Шілде айы

Сонымен қатар, ауылдық округтегі аяқ сумен қамтылмай қалған жаңадан қоныстанушы тұрғындарды маусымдық аяқ сумен қамту мақсатында республикалық бюджеттен қаралған
29,6 млн. теңге қаржыға Т.Бекмұратов және Сарыкөл көшесі бойынан мердігер "Бақ береке" мекемесі су ұңғымасын орнатып, падалануға берілді.

Ғ.Еркебай

Ж.Сейілов

М.Ақмырзаев

Г.Баймаханова

68.        

Электр бағандарына жаңадан орнатылған электр есептегіш (смарт счетчик) құралдарын қолжетімді жерге орнату

Шілде айы

Электр бағандарына жаңадан орнатылған электр есептегіш (смарт счетчик) құралдарын қолжетімді жерге орнату мәселесі бойынша ауыл тұрғындарымен қалалық электр тораптарын тарату мекемесінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының басты талаптарына сәйкес, қазіргі таңда электр бағаналарының жоғарғы жағында орналасқан электр есептегіш құрылғыларын тұрғын үйлерінің қабырғаларына түсіріп, орналастыру жұмыстары жүргізілуде, аяқталу мерзімі – 2023 жыл.

Ғ.Еркебай

М.Ақмырзаев

Ж.Файзуллаев Б.Қаракөзов

(келісім бойынша)

 

 

Дата публикации
24 декабря 2022