Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы

 

         «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы 22) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының
6), 7) тармақшаларына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 590 қаулысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар:

1) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оған Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;

2) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оған Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;

3) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оған Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен;

4) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оған Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

  1. Мыналар:

1) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласының ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласының мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

  1. «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Ә. Ахметке жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қызылорда қаласының

                           әкімі                                                           А. Шаменов

Дата публикации
23 декабря 2022