Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылғы 1 қарашадағы қорытындылары туралы

АҚПАРАТ

Облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 598 386 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 90,0 пайызды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде 3 355 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92,2 пайызды құрады және 488,8 млн. текше метр табиғи газ өндіріліп, 79,6 пайызды құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 49 816 млн. теңге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 95,1 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 8,3 пайызы.

Анықтама ретінде:

- өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру саласы тапсырыс көлемінің аз болуына байланысты «Құрылыс» АҚ-ы және «КСМ KZ» ЖШС өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі төмендеген.

- Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату саласында тапсырыстың аз көлемде болуына байланысты «АГМ Табыс» ЖШС-і қызмет көрсету көлемін төмендеген, сұйықтықты айдауға арналған насостар өндіретін "Новомет-Казахстан" ЖШС-і 2022 жылдың 10 айында 145 дана насос өндіріп, 32 пайызға төмендеген.  

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі               2022 жылдың қаңтар – қазан айларында 11 808,6 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 98,1 пайызды  құрады.

Анықтама ретінде:

  • өткен жылдың тиісті кезеңінде 4113 гектар күріш дақыланан 21 264,2 тонна өнім жиналып орта өнім 51,7 центнерді құраса, биылғы жылы 3282 гектар күріштен 17 000,7 тонна өнім жиналып орта өнім 51,8 центнерді құрап отыр. Яғни күріш далының өнім көлемі өткен жылмен салытырғанда 4263,5 тоннаға немесе 20 пайызға төмендеген.

2022 жылдың қаңтар - қазан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 151 452 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 108,9 пайызға артты. Облыстағы үлесі 52,0 пайыз.

2022 жылдың қаңтар – қазан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 57 851 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 107,0 пайызға артты.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 318 831 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға артты.

Қала бюджетінің 2022 жылдың 1 қарашаға кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 51 974,4 млн. теңгені құрап, 54 976,0 млн. теңгеге немесе 105,8% орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 10 200,9 млн. теңгенің орнына 13 248,1 млн. теңгеге немесе 129,9% орындалды.

Қала бюджетінің шығыстар жоспары 51 974,4 млн. теңге болса, ол 51 846,5 млн. теңгеге немесе 99,8% құрады.   

Шағын кәсіпкерлік саласында қала бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта субъектілерінің саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 136,0 пайызға артты.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 34 202 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 31 060 бірлік.

«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы шеңберінде құны 228 млн. теңгені құрайтын 2 жоба қолдау алды.

«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша «Индустрияландыру картасына» енгізілген жалпы құны 68,1 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба (868 жұмыс орны) жүзеге асырылуда. 2021 жылдың желтоқсан айында «Orda Glass LTD» ЖШС-ның Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты іске қосылды.

  1. «Orda Glass LTD» ЖШС-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты» жобасы.
  2. «ТриМо» серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы.
  3. «Кызылорда Рефайнэри» ЖШС-нің «К4, К5 экологиялық кластағы мотор майларын өндіру» жобасы.
  4. «Poom Trade KZ» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында «КОМАЗ» шағын арматура зауытын салу» жобасы.
  5. «Сыр-Маржаны» ЖШС-нің «Ет және ет өнімдерін өндіру және сақтау» жобасы.
  6. «Вега Пром» ЖШС-нің «Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша цехты кеңейту» жобасы.
  7. «Orda TEXC» ЖШС-нің «Түйе жүнін өңдеу және төсеніш көрпе өндіру цехы» жобасы.
  8. «Қызылорда композиттік материалдар зауыты» ЖШС-нің «Шыны талшықты және композитті материалдарды өндіру зауыты» жобасы.
  9. «Айғасар» ЖШС-нің «Ерекше балаларға арналған иппотерапия» жылқылы-сауықтыру клубын ашу және бие сүтін өңдеу цехын салу»жобасы.
  10. «Dana Quartz» ЖШС-нің «Айна шығару зауыты» жобасы.
  11. «Кәусар» ШҚ-нің «Құс фабрикасының құрылысы» жобасы.
  12. «Нұр Орда» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында асфальтбетон зауытының құрылысы» жобасы

         Бөлшек сауда көлемі 262 328,6  млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,5 пайызға артты. Облыстағы үлесі 86,9%.

2022 жылдың 1 қазанына  алдын ала деректерге сәйкес халық саны 348,4 мың адамды құрап, өсу қарқыны 108,5%. 2021 жыл қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 134,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайызды құрайды.

2022 жылдың 1 қарашасына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 5 817 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрады.

Жыл басынан жаңа жұмыс орындарымен қамтылған азаматтар саны  9 300, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 5 167 адам.               

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы аясында жыл басынан бері 2 772 адам қоғамдық жұмысқа, 205 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне 1 087 жас маман жолданды.

Қала бойынша 2022 жылдың ІІІ тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 266 529 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 128,0 пайызға артты.

Дата публикации
08 декабря 2022