Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 374 қаулысына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Меншік иесі Құрасбаева Бақыт Досымханқызының Қызылорда қаласы, Титов шағын ауданы, Жетікөл көшесі, № 22 А мекенжайындағы ғимарат құрылысы және оған қызмет көрсету үшін көлемі 200,0 (екі жүз) шаршы метр жер учаскесін (кадастрлық нөмірі 10-156-013-2503) немесе өзге де жылжымайтын мүлікті емхана құрылысы жоспарлануына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2023 жылғы 24 ақпан болып белгіленсін.
- Меншік иелері жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Мұстафа Шоқай көшесі, № 147 үй, № 21 кабинет болып белгіленсін.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
- Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі А. Шаменов