Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының
16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Қызылорда қалалық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»
2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 107-16/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26393 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.