Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Ақжарма ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-тармағының  2) тармақшасының негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 18 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Ақмешіт апталығы» газетінде жариялансын.

 

 

Қызылорда қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы А. Ергешбаев

 

Қызылорда қалалық сайлау

комиссиясының хатшысы К. Насибеков

 

 

18 қараша 2022 жыл, №57/131

Дата публикации
18 ноября 2022