Дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы негізінде сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

         Дауыс берудің басталуы мен аяқталуы (жергілікті уақыт) белгіленсін:

  1. Қызылорда қаласы, Құмкөл кен орны, Қоныс-Бектас, «ҚуатАмлонМұнай» бірлескен кәсіпорынның ауысымдық қыстағында орналасқан №244 сайлау учаскесінде 06:00 сағаттан учаскедегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқтау;
  2. Қызылорда қаласы, «АйданМұнай» бірлескен кәсіпорынның Құмкөл кен орны ауысымдық қыстағында орналасқан №245 сайлау учаскесінде 06:00 сағаттан учаскедегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқтау;
  3. Қызылорда қаласы, «ҚазГерМұнай» бірлескен кәсіпорынның Құмкөл кен кен орны ауысымдық қыстағында орналасқан №246 сайлау учаскесінде 06:00 сағаттан учаскедегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқтау;
  4. Қызылорда қаласы, «ПетроҚазахстанҚұмкөлРесорсиз» бірлескен кәсіпорынның Құмкөл кен орны ауысымдық қыстағы №247 сайлау учаскесінде 06:00 сағаттан учаскедегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқтау;
  5. Қызылорда қаласы, «ПетроҚазахстанҚұмкөлРесорсиз» бірлескен кәсіпорынның «Құмкөл» кен орны «Арысқұм» ауысымдық қыстағы №248 сайлау учаскесінде 06:00 сағаттан учаскедегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқтау;
  6. Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі, Батырбаев көшесі №2, «ҚР Ұлттық ұланның №5547 әскери бөлімі» РММ №266 сайлау учаскесінде 06:00 сағаттан учаскедегі тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, кез келген уақытта аяқтау;

Дауыс беруді бастау мен аяқтау уақытының өзгергені туралы сайлаушылардың назарына жеткізілсін.

 

Сайлау комиссиясының төрағасы             А. Ергешбаев

 

Сайлау комиссиясының хатшысы             К. Насибеков

 

 

№ 57/129 «04» қараша  2022  жыл

 

Дата публикации
11 ноября 2022