Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы негізінде сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

            Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың барлығы дауыс беріп болса, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесі бекітілсін:

  1. Қызылорда қаласы, Қаратоғай көшесі, №100, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК №187 сайлау учаскесі;
  2. Қызылорда қаласы, Әбуов көшесі, №31, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК №192 сайлау учаскесі;
  3. Қызылорда қаласы, Бегім Ана көшесі, №15, «Қызылорда Теміржол ауруханасы» ЖШС №197 сайлау учаскесі;
  4. Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, №51, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК №210 сайлау учаскесі;
  5. Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі, нөмірсіз, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда қалалық перзентханасы» МКҚК №214 сайлау учаскесі;
  6. Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, № 60 құрылыс, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Қызылорда арнаулы әдеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ №216 сайлау учаскесі;
  7. Қызылорда қаласы, «Шұғыла» мөлтек ауданы, нөмірсіз, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ КМК №220 сайлау учаскесі;
  8. Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округі, Талдыарал елді мекені, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ №230 сайлау учаскесі;
  9. Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, нөмірсіз, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ЗК-169/1 мекемесі» РММ №235 сайлау учаскесі;
  10. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Есенов көшесі №19, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансері» КММ №238 сайлау учаскесі;
  11. Қызылорда қаласы, Н,Назарбаев даңғылы №14, ҚР Ұлттық Қауірсіздік Комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті №241 сайлау учаскесі;
  12. Қызылорда қаласы, Шүкіров көшесі,  №7, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «облыстық наркологиялық орталығы» КМҚК №242 сайлау учаскесі;
  13. Қызылорда қаласы, Талсуат ауылдық округі, Орынбор көшесі, №3, «Қызылорда облысының жұмыспен қамту, үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ №344 сайлау учаскесі;
  14. Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, нөмірсіз «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК №345 сайлау учаскесі;
  15. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Амангелді көшесі, №5Г, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК №351 сайлау учаскесі.

Осы учаскелерде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.

 

Сайлау комиссиясының төрағасы             А. Ергешбаев

 

Сайлау комиссиясының хатшысы             К. Насибеков

                                                                                                            

 

№ 57/128 «04» қараша  2022  жыл

Дата публикации
11 ноября 2022