2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және
    3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 19 383 266,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 12 050 773,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 692 523,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 470 673,0 мың теңге;

трансферттер түсімі- 6 169 297,0 мың теңге;

2) шығындар – 17 383 266,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) 2 000 000,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -2 000 000,0 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 2 000 000,0 мың теңге.

  1. 2023 жылға Қызылорда қаласы бюджетіне кірістерді бөлу нормативі төмендегідей болып белгіленсін:

1) 101.201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» және 101.205 «Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы» кодтары бойынша 10 пайыз;

2) 103.101 «Әлеуметтік салық» коды бойынша 10 пайыз;

3) 101.202 «Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша 10 пайыз.

  1. 2023 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 6 169 297 мың теңге болып көзделсін.
  2. Жергілікті атқарушы органының резерві 268 248 мың теңге сомасында бекітілсін.
  3. 2023 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Қалалық бюджеттен кент және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін 2023 жылға арналған субвенция көлемі 954 697 мың теңге, оның ішінде:

Тасбөгет кенті

191 790 мың теңге;

Белкөл кенті

69 039 мың теңге;

Ақжарма ауылдық округі

104 383 мың теңге;

Ақсуат ауылдық округі

101 893 мың теңге;

Қызылжарма ауылдық округі

117 575 мың теңге;

Қарауылтөбе ауылдық округі

85 036 мың теңге;

Қызылөзек ауылдық округі

104 839 мың теңге;

Қосшыңырау ауылдық округі

111 236 мың теңге;

Талсуат ауылдық округі

68 906 мың теңге.

сомасында белгіленсін.

  1. Қалалық бюджеттен кент және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін 2024 жылға арналған субвенция көлемі 1 029 112 теңге, оның

Тасбөгет кенті

205 739  мың теңге;

Белкөл кенті

73 924 мың теңге;

Ақжарма ауылдық округі

113 392 мың теңге;

Ақсуат ауылдық округі

110 676 мың теңге;

Қызылжарма ауылдық округі

127 523 мың теңге;

Қарауылтөбе ауылдық округі

91 406 мың теңге;

Қызылөзек ауылдық округі

112 461 мың теңге;

Қосшыңырау ауылдық округі

120 018 мың теңге.

Талсуат ауылдық округі

73 973 мың теңге.

сомасында белгіленсін.

  1. Қалалық бюджеттен кент және ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін 2025 жылға арналған субвенция көлемі 1 108 716 мың теңге, оның

Тасбөгет кенті

220 848 мың теңге;

Белкөл кенті

79 044 мың теңге;

Ақжарма ауылдық округі

122 997 мың теңге;

Ақсуат ауылдық округі

119 681 мың теңге;

Қызылжарма ауылдық округі

138 536 мың теңге;

Қарауылтөбе ауылдық округі

98 103 мың теңге;

Қызылөзек ауылдық округі

120 410 мың теңге;

Қосшыңырау ауылдық округі

129 311 мың теңге.

Талсуат ауылдық округі

79 786 мың теңге.

сомасында белгіленсін.

  1. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Дата публикации
26 октября 2022