Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы №94-15/1 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2021 жылғы 22 желтоқсандағы №94-15/1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және
3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 62 886 910,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 10 447 981,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 928 405,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 800 569,1 мың теңге;

трансферттер түсімі- 42 709 955,0 мың теңге;

2) шығындар – 51 959 335,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 3 238 310,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 3 725 933,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 487 623,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2 458 517,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 2 458 517,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 5 230 748,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – -5 230 748,4 мың теңге;

қарыздар түсімі – 3 725 933,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 9 773 576,5 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 816 895,1 мың теңге.».

  1. Аталған шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Дата публикации
26 октября 2022