БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
|
Бағдарлама атауы |
2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму бағдарламасы |
|
Оны дайындауға негіздеме |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» № 790 қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» № 64 бұйрығы |
|
Қаланың негізгі сипаттамасы |
Қызылорда қаласы 2,4 мың шаршы км жалпы көлемімен, Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік орталығы, облыстың бүкіл аумағының 1,1% құрайды. Қаланың әкімшілік-аумақтық құрамына 2 кент және 7 ауылдық округтері кіреді. 2018 жылдың 1 қаңтарына халықтың саны 294,4 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 122,6 адамнан келеді. |
|
Бағыттары |
1. Экономика 2. Әлеуметтік сала 3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп 4. Инфрақұрылым 5. Экология және жер ресурстары |
|
Мақсаттары |
Қала экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету; Экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілетті өнімді өндіретін өнеркәсіптің басым секторларын дамыту; Агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін және өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру; Кәсіпкерлік пен сауданың серпінді дамуын қамтамасыз ету; Технологиялық инновацияны дамытуға және экономиканың басым секторларына инвестиция тартуды ынталандыру; Сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету, жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер мен жағдай қалыптастыру; Қала халқына медициналық көмек көрсетудің сапасын және қол жетімділігін арттыру; Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру; Тарихи-мәдени құндылықтарға қол жеткізу және шығармашылықты іске асыру үшін жағдай жасау; Бұқаралық спортты дамыту; Өңірдің туристік-рекреациялық әлеуетін пайдалану; Мемлекеттік тілді және үш тілдің біртұтастығын дамыту; Қала аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстылыққа қарсы әрекет ету; Халықты қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен байланысты дамыту; Құрылыс саласын және қала халқының тұрғын үйге қол жетімділігін дамыту; Қала тұрғындарын сапалы көлік қызметімен қамтамасыз ету; Тұтынушыларды қолжетімді, сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету; Экологиялық ахуалды тұрақтандыру және жақсарту, жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; |