Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Қызылорда қалалық сайлау          

            комиссиясының 2022 жылғы 29 cәуірдегі

№43/93 қаулыcына

Қосымша

 

Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – Әкім) сайлауын тағайындау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын

(113-1-б.2-т.)

2022 жылғы 29 сәуір

 

2. Сайлау округтерінің тізімі мен оның шекараларын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 9 мамырдан кешіктірмей

(22-б.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 9 мамырдан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2022 жылғы 14 мамырдан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Қызылорда қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2022 жылғы 14 мамырдан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімге кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2022 жылғы 30 сәуірде басталады және 2022 жылғы 13 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-3-б.1-т.)

 

7. Әкімге кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

(4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.)

 

8. Әкімге кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Әкімге кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9. Әкімге кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

10. Әкімге кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қалалық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары қалалық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімге кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкімге кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2022 жылғы 30 сәуірде басталады және 2022 жылғы 18 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

15. Әкімге кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2022 жылғы 19 мамыр жергілікті уақытпен сағат 18.00-ге дейін

(28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2022 жылғы 19 мамырда жергілікті уақытпен 18-00 сағаттан кейін басталады және 2022 жылғы 28 мамырда жергілікті уақытпен 00-00 сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

18. Әкімге кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және қалалық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлау учаскесін құрған әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Қызылорда қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2022 жылғы 9 мамырда

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2022 жылғы 19 мамырдан бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 19 мамырдан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және оған дейінгі бір күннен кешіктірмей

2022 жылғы 26 мамырдан ерте емес және 28 мамырдан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 2022 жылғы 29 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 06-00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, 29 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00 ден 20-00 ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-де басталады

2022 жылғы 29 маиырда жергілікті уақыт бойынша сағат 20-00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды қалалық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2022 жылғы 1 маусымнан кешіктірмей

(113-10-б.)

29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2022 жылғы 2 маусымнан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

2022 жылғы 5 маусымнан кешіктірмей

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

     

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Дата публикации
30 апреля 2022