Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингін ұйымдастырды.

Сауалнаманы «Зор Рух» Қайырымдылық қоры» жеке қоры (бұдан әрі – «ЗорРух») көмегімен жүргізді.

Қоғамдық мониторингтің мақсаты - көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына, қолжетімділігі мен тәртібіне қанағаттану деңгейін айқындау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың барлық мемлекеттік органдар мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі туралы ұсыныстары негізінде оларды көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау болып табылады.

Зерттеудің негізгі әдістеріне сандық (жаппай сауалнама) және сапалық (терең сұхбат, "құпия сатып алушы", фокус-топтық сұхбат) жатады. Зерттеу мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың мынадай негізгі критерийлері бойынша жүргізілді: қолжетімділік (көрсетілетін қызметті берушінің ғимараты мен сервистеріне, қызметті алу кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық), ақпарат (қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат), қызметкерлер (персонал мен виртуалды консультанттардың жұмысы), рәсім, күту мерзімі мен уақыты, шығындар, кері байланыс (шағымдану тәртібі мен нәтижесі).

Жергілікті атқарушы органдар арасында Қызылорда облысы бірінші орын алды (мүмкін 5 баллдың 4.9-і, қанағаттану деңгейі-81,3%).

 

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың қоғамдық мониторингінің нәтижелері

Дата публикации
14 февраля 2022