Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

             Қызылорда қалалық сайлау 

             комиссиясының 2021 жылғы

            27 тамыздағы №31/74 қаулыcына қосымша

 

Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімін

сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Қарауылтөбе ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкім) сайлауды тағайындау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай ішінде

2021 жылғы 27 тамыз

 (113-1-б. 3-т.)

2. Сайлау округінің тізімін, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 06 қыркүйектен кешіктірмей

(22-б.)

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 06 қыркүйектен кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2021 жылғы 11 қыркүйектен кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Қызылорда қаласының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2021 жылғы 11 қыркүйекке дейін

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2021 жылғы 28 тамызда басталады және 2021 жылғы          10 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-3-б. 5-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

(4-б.,113-5-б., 11-т. 2-тт.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2021 жылғы 28 тамызда басталады және 2021 жылғы         15 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2021 жылғы 16 қыркүйекке дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2021 жылғы 15 қыркүйекте жергілікті уақытпен 18:00 сағаттан кейін басталады және 2021 жылғы 25 қыркүйекте жергілікті уақытпен 00:00 сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлау учаскесін құрған әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Қызылорда қаласының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2021 жылғы 6 қыркүйекке дейін

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2021 жылғы 11 қыркүйектен бастап

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 16 қыркүйектен кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және оған дейінгі бір күннен кешіктірмей

2021 жылғы 23 қыркүйетен ерте емес және 25 қыркүйектен кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 Жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе,         2021 жылғы 26 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, 26 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

2021 жылғы 26 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Қызылорда қалалық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

 Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2021 жылғы 29 қыркүйектен кешіктірмей

(113-10-б.)

29. Әкімдер сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2021 жылғы 30 қыркүйетен кешіктірмей

(44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

2021 жылғы 03 қазаннан кешіктірмей

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
27 августа 2021