2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабар

Ақжарма ауылдық округі әкіміне өзін өзі ұсыну жолымен – 2 кандидат, «Әділет» партиясынан – 1 кандидат ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 18 қазан күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша барлық 3 кандидат тіркелді.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.

Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына 3 кандидаттың құжаттары жолданды.

Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті БАҚ–нда және сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.

Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.

КАНДИДАТТАР:

Баймаханов Бердибек Жомартович – 1983 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.

Ибраев Мухтар Айшыкович – 1987 жылы туған, ұлты қазақ, «Ұлар» ЖК басқарушысы, Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінде тұрады. «Әділет» партиясынан ұсынылған, «Әділет» партиясының мүшесі.

Шалбол Өркен Санатұлы – 1991 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.

Дата публикации
18 октября 2026