2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлауды өткізу кезінде дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін учаскені бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабының 3-тармағына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясы ұсынымы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлауды өткізу кезінде тізімге енгізілген азаматтардың бәрі дауыс берсе, дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскесінің тізбесі бекітілсін:

Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округi, Баймұрат батыр ауылы, Сарыбай шатқалы № 2 құрылыс, «ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ орналасқан №230 сайлау учаскесінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталсын.

Осы қаулы тиісті учаскелік сайлау комиссиясына, Қызылорда облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Төраға                 Г.Баймурзаев

 

Хатшы                 К.Насибеков

 

18 қазан 2026 ж. №103/175 қаулысы

Дата публикации
18 октября 2026