«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы хабарлайды:
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 15 қазандағы шешімімен 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған сайлауда Ақжарма ауылдық округі әкіміне Баймаханов Бердибек Жомартович пен Шалбол Өркен Санатұлы кандидаттар болып тіркелді.
Баймаханов Бердибек Жомартович – 1983 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.
Шалбол Өркен Санатұлы – 1991 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы