

Бүгін 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы науқаны аясында Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қызылорда қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы;
- Қалалық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмысы туралы;
- Қалалық сайлау комиссиясы мүшелерінің кезекшілік кестесін бекіту туралы.