Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2026 жылғы 13 қазан күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округі әкіміне «Әділет» партиясынан - 1 және өзін өзі ұсыну жолымен - 2 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2026 жылдың 18 қазан күні сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 октября 2026