Коррупционных рисков рабочий, проводящий внутренний анализ о создании группы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығының 4, 6, 9 тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қалалық мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдар»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге келесі жұмыс тобының құрамы бекітілсін:

- Қанатбаева Эльмира Қожасқызы – «Қызылорда қаласының мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын директоры,  топ жетекшісі;

- Мейрамбек Нұртаза – кәсіпорын директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, топ мүшесі;

-  Тәңірбергенов Ұлықбек Бекұзақұлы – көркемдік жетекші, топ мүшесі

-  Шортанбаев Руслан – заңгер, топ мүшесі.

- Егизбаева Роза Жолдасқызы  – М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры, топ мүшесі;

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары 2026 жылдың 10 тамыз - 01 қыркүйек күндері жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің  ішкі талдауымен 06.2025-01.09.2026 жылдары аралығы қамтылсын.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмысшы тобы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау және жетекшілік етуді өзіме қалдырамын.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
01 июня 2026