КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 01.08.2025 – 01.07.2026 жылдары аралығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау нәтижелерін талқылау туралы.
Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қозғайтын НҚА-лар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау болып табылады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Қайруллаевтың хабарламасы тыңдалды.
«Қалалық мәдениет Үйі, клубтары және халықтық ұжымдар» МКҚК-нің директоры Қанатбаева Эльмира Қожасқызы бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен танысып, енгізілген ұстанымдардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті уәкілетті органдарға ұсыныс енгізуді атап өтті.
Шешім жобасының әзірлену негізі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына сәйкес айқындалған.
Жария тыңдауға қатысқандар тақырып бойынша пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Бөлім басшысы А. Қайруллаев қатысушыларға алғыс білдіріп, жария тыңдауды жабық деп қорытындылады.