Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмысшы тобын құру туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығының 4, 6, 9 тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге келесі жұмыс тобының құрамы бекітілсін:
- Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы – Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, топ жетекшісі;
- Өтегенов Алмат Жаңабайұлы – Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, топ мүшесі;
- Әділбек Салтанат Әділбекқызы – Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері, топ мүшесі;
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары 2026 жылдың тамыз айының 3-31 күндері аралығында жүргізілсін.
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауымен 01.07.2025-31.08.2026 жылдары аралығы қамтылсын.
5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмысшы тобы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау және жетекшілік етуді өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
31 августа 2026