«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №95/162 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлау 2026 жылдың 8 қарашасына тағайындалды.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №95/162 қаулысымен бекітілген Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ауыл әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 1 қазанында басталады және 2026 жылдың 13 қазанда сағат 18-00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2026 жылдың 1 қазанында басталады және 2026 жылдың 18 қазанында сағат 18-00-де аяқталады.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының құрамы:
Орналасқан жері: Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ «Қалалық мәдениет үйлері, клубтар және халықтық ұжымдары» МКҚК, Қызылорда қаласы, Қазыбек би №21.
Телефон: 8(7242) 273720
Эл пошта: tic_kzl@saylau.kz
Төраға - Баймурзаев Галым Конакбаевич
Төраға орынбасары - Муханова Алия Муханбеткалиевна
Хатшы - Насибеков Кенес Эрдибекович.
Комиссия мүшелері: Куракбаева Кенжегуль Куракбаевна, Акишева Карлыгаш Дауылбаевна, Жорабек Медет Ерданаұлы, Елеусін Алпамыс Өмірзақұлы.
Қалалық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-19.00, түскі үзіліс: 13.00-15.00
№228 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері:"Ақжарма мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Ақжарма ауылдық округi, Баймұрат батыр ауылы, Н. Тасымов көшесi, № 20А.
Телефон: 8(7242) 213615
Төраға - Баскожаев Елдос Абжаппароич
Төраға орынбасары - Батырбекова Улмекен Сарсенбаевна
Хатшы - Жилкайдарова Алия Сайдхасымовна.
Комиссия мүшелері: Әбіл Айнұр Кәдірбайқызы, Азнабаева Жаухар Сайлауовна, Абишева Жанат Хайруллаевна, Баймбетова Айман Аппазовна.
№229 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің "№215 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақжарма ауылдық округi, Талдыарал елдi мекенi, Талдыарал-2 көшесі, № 15.
Телефон: 8(7242) 301133
Төраға - Актлеуова Тунгиык Унгарбаевна
Төраға орынбасары - Салмурзаев Айбек Нурланович
Хатшы - Нуржакипова Жадира Усмановна.
Комиссия мүшелері: Сұлтанбек Самат Сламбекұлы, Амандықова Гүлбикен Берікбайқызы.
№230 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ Республикалық лепрозорийі" мемлекеттік мекемесі, Ақжарма ауылдық округi, Баймұрат батыр ауылы, Сарыбай шатқалы № 2 құрылыс.
Телефон: 8(707)3892020
Төраға - Сейталиев Молдагали Акбайнашевич
Төраға орынбасары - Конырбаева Раушан Темирхановна
Хатшы - Ибраева Дина Серикбаевна.
Комиссия мүшелері: Прназарова Айгерим Бекмуратовна, Малкенова Гульжан Мирзаевна.
Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс уақыты: 2026 жылғы 18 қазаннан бастап сағат 09.00-19.00, түскі үзіліс: 13.00-15.00
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы