«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1 тармағына сәйкес және 113–1 бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалсын.
- Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы «Ақмешіт ақшамы» газетіне жариялансын және Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Г. Баймурзаев
Қалалық сайлау
комиссиясының хатшысы К. Насибеков
30.09.2026ж. №95/162 қаулысы