БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗ

2026 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 09:30-да Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:

  1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-1 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлау күнін тағайындау туралы;
  2. Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары туралы;
  3. Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының мүшелері мен сарапшы мамандарды 2026 жылдың 30 қыркүйек және 8 қараша аралығындағы мерзімде жұмысқа тарту, еңбек келісімшартын жасау туралы;
  4. Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы мүшелерінің демалыс және мереке күндердегі кезекшілік кестесін бекіту туралы;
  5. Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезіндегі полиграфиялық, типографиялық, автокөлік қызметтерін және кеңсе тауарларын сатып алуға кәсіпкерлерді таңдау туралы.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Сол жағалау ықшам ауданы, Ғ. Мұхамеджанов көшесі №5а

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2026 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 9:20 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8(7242)40-03-08.

 

 

Дата публикации
29 сентября 2026