Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 4 тамыздағы №1731 қаулысы «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 3312 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы
29 шілдедегі № 02-04/1904 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы
    9 желтоқсандағы № 3312 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 100 және 2026 жылғы 14 мамырдағы
    № 1089 қаулылары жойылсын.
  2. «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы
    № 3312 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының 1-тармағындағы және қосымшасындағы «58490,0 (елу сегіз мың төрт жүз тоқсан)» деген сандар мен сөздер «32587,0 (отыз екі мың бес жүз сексен жеті)» деген сандар мен сөздермен ауыстырылсын;

аталған қаулының қосымшасындағы реттік нөмірі 2 - қатарындағы
«49903,0» деген сандар «24000,0» деген сандармен ауыстырылсын.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 6 қараша болып белгіленсін.
  2. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24, № 14 кабинет болып белгіленсін.
  3. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 августа 2026