Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 1466 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2026 жылғы 12 маусымдағы № 03-01/476 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иелері Жалашев Куттыгали Бакиткалиевичтің және Жалашева Камар Ибрагимовнаның ортақ бірлескен меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Сабалақ өңірі, Алтынай бау-бақша серіктестігі, № 203 құрылыс мекенжайында орналасқан көлемі 800,0 (сегіз жүз) шаршы метр бағбандық үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-087-1493) жер учаскесін жол құрылысы үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 7 қазан болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24, № 14 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің  меншік  иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

              әкімі                                                                  Н. Ахатов

Дата публикации
30 июня 2026