Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 1465 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы
12 маусымдағы № 03-01/477 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесі Байниязова Гульжайна Шаденовнаның жеке меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Сабалақ өңірі, Алтынай
    бау-бақша серіктестігі, № 187 жер телімі мекенжайында орналасқан көлемі
    800,0 (сегіз жүз) шаршы метр бағбандық үшін (кадастрлық нөмірі
    10-156-087-1346) жер учаскесінен қажетті көлемі 150,0 (жүз елу) шаршы метр бөлігі автокөлік жолымен қабаттасуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 7 қазан болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24, № 14 кабинет болып белгіленсін.
  4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

жер учаскелерінің  меншік  иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

        әкімі                                                                      Н. Ахатов

 

Дата публикации
30 июня 2026