Қызылорда қалалық мәслихатының экономика, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ

Өткізілген орны:                                                              2026 жылғы 11 маусым Қалалық маслихаттың мәжіліс залы                                                            сағат 11.00

 

Төрағалық етуші: комиссия төрағасы М.Әбдіқалықов

Қатысқандар: (тізім бойынша)

*    *    *

Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіндегі «Қала әкімдігі жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының қорытындысына келісім беру туралы» мәселе бойынша Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Қайруллаевтың хабарламасы тыңдалды.

(Хабарлама мәтіні  қосымша тіркелді)

 

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына және қала әкімдігі жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының 2026 жылғы         12 мамырдағы хаттамасына сәйкес:

  1. Қызылорда қаласының әкімдігі жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының:

- Қызылорда қаласында орналасқан Н.Назарбаев және Тәуелсіздік даңғылдарын байланыстыратын атаусыз көшені – «Кеңес Дүйсекеев» есімімен атау туралы;

-  Қызылорда қаласы Бейбарыс Сұлтан көшесінен Тасбөгет кентіндегі су торабына дейінгі Сырдария өзеніне параллель жатқан көшені – «Шөмішбай Сариев» есімімен атау туралы қорытындысына келісім берілсін.

  1. Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (А. Қайруллаев):

- осы хаттаманы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыру және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

- осы хаттамадан туындайтын тиісті жұмыстар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

- тиісті жұмыстар мен шаралардың қорытындысымен «Қызылорда қаласының құрамдасы бөліктеріне атау беру туралы» мәселесін сессияда қарау үшін Қызылорда қалалық мәслихатына ұсыныспен шығу ұсынылады.

 

 

           Комиссия төрағасы                                                М. Әбдіқалықов 

Дата публикации
15 июня 2026