Қызылорда қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 25 мамырдағы № 1168 қаулысы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы
18 мамырдағы № 01-03/821 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Меншік иелері Мальцева Елена Николаевнаның және Фатхи Реза Акбардың ортақ бірлескен меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Манап Көкенов көшесі, № 1 Д учаске мекенжайында орналасқан көлемі 2000,0 (екі мың) шаршы метр ғимарат құрылысы және оған қызмет көрсету үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-013-2580) жер учаскесін автотұрақ салу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 27 тамыз болып белгіленсін.

3. Меншік иелері жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24,
№ 14 кабинет болып белгіленсін.

4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қызылорда қаласының

            әкімі                                                                      Н. Ахатов

Дата публикации
26 мая 2026