Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының
27-бабының 1-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қызылорда қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 12471 «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6645 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 17 қаңтарында жарияланған);
2. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 12609 «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6675 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 ақпанында жарияланған);
3. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 2771 «Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 12471 «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 215542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы 14 қазанында жарияланған);
4. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 29 қыркүектегі №2772 «Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 12609 «Қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 215572 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2025 жылғы 15 қазанында жарияланған).

Дата публикации
19 мая 2026