«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 2-тармағына сәйкес және Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 17 мамырдағы Қызылөзек ауылдық округінің әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хаттамасының негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1.Қызылөзек ауылдық округінің әкімі болып сайланған кандидат С.Н.Әбдіжаппардың және дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 10,87 пайыз дауысын жинаған кандидат К.Е.Оспановтың, 13,81 пайыз дауысын жинаған кандидат К.Ш.Шалабаевтың сайлау жарнасы қайтарылсын.
2.Осы шешімнің орындалуы Қызылорда қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы бас есепші Б.Идирисоваға (келісім бойынша) жүктелсін.
3.Осы шешім Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын және Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауына қатысқан кандидаттардың назарына жеткізілсін.