«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес 2026 жылдың 17 мамырында Қызылорда қаласындағы Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №233, №239, №240 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылғанын хабарлайды.
Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 4 адам ұсынылып, 1-і өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынды, 3-і сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.
Сайлаушылар тізіміне 1815 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 1330 адам немесе 73,28 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 32 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 5.
Дауыс беру нәтижесінде кандидат Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы үшін – 964 дауыс, кандидат Оспанов Қанат Ерасылұлы үшін – 144 дауыс, кандидат Шалабаев Қайыржан Шәкірұлы үшін – 183 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 34 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округі әкімі болып сайланды.
Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы – 1963 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округінің әкімі. Қызылорда қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 18 мамырдағы №32 шешімімен Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлын Қызылөзек ауылдық округінің әкімі ретінде тіркеді.