«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Қызылорда қаласының мәденит және тілдіреді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылорда қаласының тарихы музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
2.Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1)заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органын және тіркелген жері бойынша салық органын «Қызылорда қаласының тарихы музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату процесі туралы хабардар етсін;
2)тарату тәртібін жүргізу үшін комиссия құрсын.
3.Тарату комиссиясы тарату тәртібін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен мерзімде жүзеге асырсын.
4.Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.