Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына және «Қызылорда облысы Қызылорда қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1087 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 374 қаулысына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы
20 сәуірдегі № 01-03/669 хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иесі Постанова Нургуль Абдрайхановнаның жеке меншік құқығындағы Қызылорда қаласы, Алтыбай Сағымбаев көшесі, № 99 үй мекенжайында орналасқан көлемі 45,0 (қырық бес) шаршы метр дүкен салу үшін (кадастрлық нөмірі 10-156-025-087) жер учаскесі мен жылжымайтын мүлкін «Алтыбай Сағымбаев көшесін қайта жаңғыртудан өткізу» жобасын жүзеге асыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 30 шілде болып белгіленсін.
3. Меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24, № 14 кабинет болып белгіленсін.
4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.