2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Қызылөзек ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы хабар

Қызылөзек ауылдық округі әкіміне өзін өзі ұсыну жолымен 4 кандидат ұсынылды, 1 кандидаттың кандидатурасы өз өтінішіне сәйкес алынып тасталды.

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді, барлығы өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылғандар.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша барлық кандидаттардың сәйкестігі анықталды.

Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына 3 кандидаттың құжаттары жолданды.

Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды, сайлау бюллетендеріне енгізілді. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарламалар жергілікті БАҚ–нда және сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.

Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.

 

КАНДИДАТТАР:

Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы – 1963 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылөзек ауылдық округінің әкімі, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.

Оспанов Канат Ерасылович – 1973 жылы туған, ұлты қазақ, «Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімінің аппараты» КММ бас маманы, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.

Шалабаев Кайыржан Шакирович – 1967 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» КММ сектор меңгерушісі, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.

Дата публикации
26 апреля 2026