Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы хабарлайды:

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен 2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған сайлауда Қызылөзек ауылдық округі әкіміне Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы және Шалабаев Кайыржан Шакирович кандидаттар болып тіркелді.

Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы – 1963 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылөзек ауылдық округінің әкімі, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.

Шалабаев Кайыржан Шакирович – 1967 жылы туған, ұлты қазақ, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі» КММ сектор меңгерушісі, Қызылорда қаласында тұрады. Өзін өзі ұсынған.

 

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 апреля 2026