2026 жылғы 21 сәуір күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округі әкіміне өзін өзі ұсыну жолымен 4 кандидат ұсынылды, 1 кандидаттың кандидатурасы өз өтінішіне сәйкес алынып тасталды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2026 жылдың 26 сәуір күні сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.
Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы